Инженерлер адам ойын оқитын және оны мәтінге айналдыратын «кепеш» ойлап тапты (видео)
Инженерлер адам ойын оқитын және оны мәтінге айналдыратын «кепеш» ойлап тапты (видео)
5 ай бұрын 653 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Сидней технологиялық университетінің ғалымдары ойды оқитын, «оқығанын» мәтінге айналдыра алатын әлемдегі алғашқы портативті, инвазивті емес жүйені жасап шығарды. Болашақта аталмыш технология инсульт немесе сал сияқты аурудан немесе жарақат салдарынан сөйлеу қабілетінен айырылған науқастардың тілдесуіне көмектеседі. Бұл жайында islam.kz порталы uts.edu.au ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Инженерлер құрылғыны Жаңа Орлеандағы NeurIPS конференциясында жұртшылық назарына ұсынды. Жиынға қатысқандар электроэнцефалограмма (ЭЭГ) арқылы бас терісі арқылы мидың электрлік белсенділігін тіркейтін «қалпақ» киіп, мәтін үзінділерін іштей оқыды. ЭЭГ толқыны адам миының белгілі бір сипаттамалары мен үлгілерін қамтитын бөлек блоктарға бөлінген. Бұл процесс сиднейлік ғалымдар әзірлеген DeWave деп аталатын жасанды зерде үлгісінің көмегімен жүзеге асады. Үлкен ЭЭГ массивінде дайындалған DeWave сигналдарды сөздер мен сөйлемдерге аударады. Ми сигналдарын сөзге айналдырудың немесе тілге аударудың қолданыстағы технологиялары миға электродтарды енгізуді немесе МРТ аппаратымен сканерлеуді ұйғарады. Бірінші әдіс қауіптілігімен және қымбат тұратындығымен ерекшеленеді, екіншісі күрделі әрі күнделікті қолдануға қолайсыз. Бұған қоса, бұл тәсілдер ми сигналдарын көзді бақылау сияқты қосымша құралдарды қажет ететіндіктен сөзге айналдыруда қиындықтар тудырады. BLEU-1 жүйесі арқылы аударманың дәлдігі қазіргі уақытта шамамен 40%-ды құрайды.

0 пікір
Мұрағат