Ет жаппай қырып-жоятын қару секілді қауіпті сипат алып келеді
Ет жаппай қырып-жоятын қару секілді қауіпті сипат алып келеді
2 жыл бұрын 4062 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытайда жыл сайын етті тұтыну деңгейінің өсуіне байланысты 75 мың қытай азаматы өмірден ерте өтіп жатыр. Аталған елдегі сиыр мен доңыз етінің өндірісінен тірі организмге аса қауіпті зат атмосфераға бөлінуде Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature Food мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Топырақ пен жануар көңіне арналған тыңайтқыштан аммиак бөлінеді. Ол топырақтан жауын суымен шайылып, атмосферадағы өзге заттармен реакцияға түседі. Ауада адамға улы қатты заттар түзіледі – респираторлық (тыныс алу жолдары) ауруларына, жүрек-қан тамыр ауруларына ұрындырады әрі өкпе обырын тудырады. Белгілі болғандай, соңғы 50 жылда Қытайдағы ет өндірісі 433 пайызға артқан, өзге елдерге қарағанда 15-тен 80 мегатоннаға дейін жетеді. Ет – халқы көп қытайлар тұтынатын негізгі тағам рационы. Осыған байланысты ғалымдар адамзатты тамақтану әдетін, дәлірегі, ас мәзірін өзгертуге, дәлірегі, қоршаған ортаға зиянды азық-түлік түрлерінен бас тартуға шақырып отыр. Бұл тек денсаулыққа ғана пайдалы емес, сонымен қатар, экологиялық ахуалды жақсартады. Соның ішінде, малдың көңінен бөлінетін аса қуатты парникті газдың – метанның мөлшерін азайтады. Метан – жаһандық жылынуға себеп болып отырған факторлардың бірі.

0 пікір
Мұрағат