Араб әлімінің үштен бірі ашқұрсақ өмір сүреді
Араб әлімінің үштен бірі ашқұрсақ өмір сүреді
2 жыл бұрын 1672 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Осы аптаның екінші жартысында Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымының жарияланған баяндамасында айтылған деректер бойынша араб әлемінің 420 мыңнан асатын тұрғындарының үштен бірі, яғни, 69 млн (араб әлеміне шаққанда 16 пайыз) араб тойып тамақ ішпейді. Бұл жайында islam.kz порталы Al Jazeera телеарнасына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұған ең алдымен Таяу шығыстағы қарулы қақтығыстар,  кедейлік пен климат өзгерісі, соның ішінде құрғақшылық пен аптап ыстық, ауыл шаруашылығының құлдырауы, COVID-19 пандемиясы себеп болған. Жер-көкті жайлаған жұқпалы індет жығылған сүтіне соққы болып тиген. Дегенмен, сарапшылардың айтуынша, араб әлеміндегі ашқұрсақ өмірге ең алдымен аймақтағы қарулы қақтығыстар себеп болып отыр. Араб әлемінде 53 жарым млн халық соғыс жүріп жатқан өңірлерде тұрады. Лардың арасындағы аштық азабын тартқандар алты есе көп. Соның ішінде Йемен аумағында ел тұрғындарының 45 пайызы аштық азабын тартуда. Ал Сомалидегі халықтың 60 пайызы ашқұрсақ өмір сүреді. БҰҰ-ның аталған бөлімшесі келтірген мәлімет бойынша соңғы 20 ыл ішінде араб әлемі тұрғындарының саны екі есеге көбейген.

0 пікір
Мұрағат