Екінші Босфор каналы құрылысының жоспары ақыры мақұлданып тынды
Екінші Босфор каналы құрылысының жоспары ақыры мақұлданып тынды
3 жыл бұрын 4915 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Түркияның қоршаған орта және урбанизация министрлігі талай жылғы талас-тартысқа нүкте қоятын шешім қабылдады, дәлірегі, ұзындығы шамамен 45 шақырымға жететін екінші Босфор каналының (Kanal Istanbul Project) құрылыс жоспарын мақұлдады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш министрліктің жетекшісі Мұрат Құрымның Twitter әлеуметтік желісіндегі жазбасына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Біз Kanal Istanbul Project жобасын дамыту жоспарын мақұлдадық әрі оны қоғамның талқылауына шығардық»,- деп жазыпты министр аталған әлеуметтік желідегі мәлімдемесінде. Екінші Босфор құрылысы 75 млрд лираға (9,2 млрд доллар) бағаланып отыр. Каналдың бойынан сымбатты тұрғын үйлер бой көтереді. Негізінде бұл жобаға Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қолдау білдіріп келеді. Түркия билігінің осы уақытқа дейін бір тоқтамға келмеген мәселеде аяқ астынан осындай шешім шығаруына Суэц каналындағы оқиға түрткі болды, дәлірегі, кемелер кептелісіне себеп болып, апатты жағдай тудырған Ever Given жүк кемесінің кесірінен орын алған жайт Қара теңіз бен Жеорта теңізі арасын дәнекерлеген жалғыз күретамыр іспетті артерияны пайдалану өз кезегінде аталған елдің стратегиялық қауіпсіздігіне ғана қатер төндіріп қоймай, сонымен қатар, Босфордың табиғи бұғазының флорасы мен фаунасына да қауіпті болмақ. Жыл сайын Босфор бұғазынан 40 мыңнан аса кеме мен танкер өтеді. Ал қауіпсіздік талаптары бойынша жылына ары кеткенде 20-25 мың кеме ғана өтуі тиіс. Алайда, екінші Босфор құрылысына наразылық білдірушілердің уәжі бойынша канал 17 млн Стамбұл халқын тұшшы сумен қамтамасыз етіп отырған су қоймасы арқылы немесе соған жақын маңнан өтеді. Бұл онсыз да тұшшы судан тарығып отырған мегаполистің жағдайын қиындатып жібермек. Бұдан бөлек, сарапшылардың көбісі екінші Босфордың 1936 жылғы Монтре конвенциясында қарастырылған әскери кемелерге қатысты саяси шектеудің мәнін жоюы мүмкін алға тартып отыр. Бұл Түркияның қолын ұзартатын, яғни, саяси астары да бар жоба екенін айта кету керек. Түркия 1936 жылы қабылданған аталмыш конвенция талаптарына сай Босфор бұғазын бақылауда ұстағанымен оны өз еркі бойынша пайдалануға жол берілмейді. Яғни, қалаған елдің кемесін өткізіп, қаламаған елдің кемесін өткізбей тастауға құқы жоқ, яғни, бұғазды мақсатына қарай пайдалануға тыйым салынған. Бұғаздағы кеме қатынасы халықаралық ережелермен реттеледі. Босфорға балама бола алатын жасанды канал қазылатын болса, геосаяси салдары қандай? Монтре конвенциясына сәйкес Қара теңіз жағалауында орналаспаған мемлекеттерге енгізілген шектеу бойынша Босфор бұғазы арқылы салмағы 45 тоннадан аспайтын кемелер өткізіледі. Әрі Қара теңіз жағалауына орналаспаған мемлекеттердің кемесі үш аптадан артық Қара теңізде болуына рұқсат етілмейді. Түркия ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кез келген әскери кеме үшін аталмыш бұғазды жауып тастауға құқылы. Егер аймақта Түркия араласпайтын соғыс өрті тұтана қалса, Түркия билігі бұғазды жаба алады. Ал "Ыстамбұл" каналы қазылатын болса, Монтре конвенциясында қарастырылған талаптарды түріктер орындауға міндетті емес. Аталмыш каналды қазуда сырттан инвестор тартпаудың бір ұшығы осында жатыр. Түркия билігі қандай шетелдік кемелерді өткізуді өзі шешетін болады. Осылайша Түркия аймақтағы өзінің позициясын нықтай алады. 

Ұқсас материал:

"Сүлеймен сұлтан кезінен айтылып келе жатқан жоба жүзеге асырылуы мүмкін" (https://islam.kz/kk/news/alem/suleimen-sultan-kezinen-aitylyp-kele-jatqan-joba-juzege-asyryluy-mumkin-10698/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат