Дубайдағы кәсіпқой қайыршылар қанша табады? (видео)
Дубайдағы кәсіпқой қайыршылар қанша табады? (видео)
8 жыл бұрын 2687

Дубайдың тәртіп сақшылары қайыр тілеуді кәсіпке айналдырған, айына 73 500 доллардан аса табыс тауып келген алаяқты әшкереледі. Дубай қалалық әкімдігінің шенеунігі Файсал әл-Бәдиуаидің айтуынша, 2016 жылдың бірінші кварталында жеңіл жолмен ақша табуды кәсіп еткен 59 алаяқты қолға түсірген. «Кейбір тіленшілердіғ іскерлік немесе туристік виза соғылған төлқұжаттары болған. Тіленшілердің көбісі 3 айға дейін заңды жолмен елге келіп, осындай жолмен табыс табуды әдетке айналдырған»,- деді ол. Бұл жайында «IslamNews» ақпарат көзі хабар таратты. Қолға түскен тіленшілердің бірінің күніне 2450 долларға жуық қаражат жинағаны белгілі болған. Ол ол ма, әбден дәніккен кейбіреулері белдің арын белге түйіп, ауқатты жолаушыларды жағалап, қолма-қол ақшамен емес, банк картасы немесе ақша аударатын терминал арқылы табыс тауып отырған.

0 пікір
Мұрағат