|
Жануарлар әлемі: Тек артқы екі аяғы бар бұзау туды (видео)
|
Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясында екі аяқты бұзау туды. 14 сәуір таңертең жергілікті шаруа фермасында екі аяқты бұзау дүниеге келген. Мұндайды алғаш көрген ферма қожайыны аң-таң болыпты. Бірнеше күн ішінде бұзау біраз өсіп, қазір 26 келі тартады. Бұзаудың тек артқы екі аяғы болғандықтан, өздігінен тұра алмайды. Сондықтан оны бөтелкеден тамақтандыруға тура келеді. Зоологтардың пайымынша, бұл аномалия генетикалық ауытқушылық немесе сиырдың дәрі-дәрмек, сондай-ақ жем-шөпке деген реакциясынан болуы мүмкін.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді