|
Дубай полициясы құқықбұзушыларды көзілдірікпен құрықтайды
|
Дубай полициясы құқықбұзушыларды осы заманғы ғылыми-техникалық прогрестің жемісі болып саналатын Google Glass ақылды көзілдірігінің көмегімен құрықтайтын болды. Аталмыш көзілдірікпен автокөліктердің жол ережесін бұзбауын қадағалап, іздеуде жүрген көлік құралдарының табылғаны жөнінде ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Осы мақсатта ақылды көзілдірікке қондырылған арнайы құрылғы жол ережесін бұзғандарды фото-суретке түсіріп алып, ақпаратты мәліметтер базасына жөнелтеді.
Құқық бұзғандарды тіркеу үшін тәртіп сақшылары Google Glass арқылы автокөліктің нөміріне қараса жетіп жатыр. Бұл өз кезегінде ұрланған автокөліктерді мәліметтер базасындағы нөмірмен салыстыруға мүмкіндік береді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Енді қасиетті Меккеден нұрлы Мәдинаға 2 сағат 15 минутта жетуге болады
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді