Деректер Қытайдың жасанды зерде үшін бәсекелестіктегі ең басты артықшылығына айналуы мүмкін
Деректер Қытайдың жасанды зерде үшін бәсекелестіктегі ең басты артықшылығына айналуы мүмкін
13 минут бұрын 7 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай тіліндегі деректердің ұлттық экожүйесін жедел дамыту шарасы Америка құрама штаттары тарапынан енгізілген технологиялық шектеулерді еңсеруге мүмкіндік беретін «неғұрлым ұтымды» салаға айналуы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы Guangming Daily және South China Morning Post мсмерзімді басылымдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаһандық AI жарысы енді тек чиптермен немесе моделдермен шектелмейді. Бұл тааптағы бәсекелестік мәліметтер қорымен, ақпарат көздерімене және оқытатын тіл ресурстарымен ерекшеленетін болады. Бейжің қытай тіліндегі деректердің ұлттық экожүйесін стратегиялық меже ретінде айқындады. Бастама негізгі мәтіндік корпустар мен жоғары сапалы оқыту деректер жиынтығынан бастап техникалық стандарттар мен басқару құрылымдарына дейін бәрін қамтиды. Бұл бастама бойынша Қытайдың тіл ресурстары ендігі жерде елдің АІ, цифрлы басқару және мәдени экспанцияға қатысты амбицияларына негізделген стратегиялық инфрақұрылымның іргетасына айналады. Қазіргі уақыттағы АІ оқытуға қажетті әлемдік тіл ресурстарындағы теңсіздікті еңсерудің стратегиялық маңызы зор.  Ірі тілдік моделдер ааса ауқымды деректер қорына ие болып үлгерді, ал тіл ресурстарына қол жеткізу мүмкіндігі, сапасы және әралуандылығы арқылы АІ тиімділігін қалыптастыру үшін барған сайын маңызды болып келеді. Ағылшын тілі әлемнің көптеген танымал моделдерін оқыту үшін пайдаланылатын деректерде басымдыққа ие, ал қытай тілі құрылымдық жағынан олқылықтарға толы. Alibaba зерттеу институтының AliResearch-тің 2024 жылғы есебіне сәйкес ағылшын тілі әлемдік веб-контенттің 60 пайызын құрайды, ал қытай тілінің үлесі 1,3 пайыздан аспайды. Жонс Хопкинс университетінің менеджмент және ұйым доценті Уэсли Ву-И Куның айтуынша, алдыңғы зерттеулер кейбір ашық кодты қытайлық моделдер ағылшын тілінде танымал веб-датасеттерге қатты сүйенетінін көрсетті. Бұдан бөлек, қытай және араб тілдеріндегі контент сапаның барлық өлшемі жағынан төмен болған. Қытайдың мәліметтер жөніндегі ұлттық басқармасы келтірген мағлұмат бойынша жасанды зердеге үйретілетін деректердің 60 пайыздан астамын қытай тіліндегі ақпараттар құраған. Кей моделдерде қытай тілінің үлесі 80 пайызға жеткен. Осылайша Қытай Америка құрама штаттар тарапынан енгізілген шектеулерді еңсерудің өзгеше жолын таңдап, цифрлы технологиядағы ықпалын арттырудың нақты тетігін қолға алып, стратегиялық басымдыққа ие болудың тиімді қадамдарын жасап жатыр. Әсіресе, генеративті АІ моделдерінде. Осылайша чиптің жетіспеушілігі секілді олқылықтың орнын тілдік ресурспен толтыру қамына кірісті. Сапалы тілдік ресурстарды құру - деректер жинаудан әлдеқайда машақаты көп тірлік, тілді өңдеу мен технологияға кіріктіруден бастап, стандарттар мен басқару мәселелері бойынша шешім қабылдауды талап етеді. Мамыр айында қытайлық People's Daily Online ресми мерзімді басылымы медиакорпус сервисі платформасын іске қосты - медиа ұйымдарға өз контентін деректерді өңдеу, стандарттау, сондай-ақ, авторлық құқық пен қауіпсіздікті басқару арқылы AI-ға дайын деректер жинағына айналдыруға көмектеседі. Сапалы жаңалықтар тілдік ресурстардың маңызды бөлігі, өйткені, кәсіби дайындалған журналистика AI жүйелері үшін жақсы расталған және ақпараттық материалдарды ұсынады. Сарапшылардың пікірінше, ағылшын экожүйесі ғылыми әдебиеттер мен Уикипедиядан бастап бағдарламалау форумдарындағы посттарға дейін ондаған жылдар бойы жинақталған цифрлы қордан пайда көріп келеді, керісінше қытайдың көптеген құнды ресурстарына қол жеткізу әлі де қиын немесе әлі де болса AI-ға дайын деректер жиынтықтарына жүйелеп шоғырландырылмаған. “Тіл ресурстарын басқарудың өзі әлі күнге күрделі күйінде қалып отыр”, деп жазды Цинхуа университетінің профессоры Сун Маосун және зерттеушінің ассистенті Кун Цунлян Guangming Daily газетінде. Олар Қытайға авторлық құқық және деректер алмасу, техникалық стандарттар, құпиялылық пен қауіпсіздікке төнер қатер сияқты мәселелерді шешу үшін келісілген басқару жүйесі қажет екенін атап өтті. Техникалық стандарттар - символдарды кодтауды, семантикалық аннотацияны және деректерді мультимодалдық тұрғыдан интеграциялау ісін қоса алғанда - жаһандық бәсекелестікте шешімін күткен аса маңызды болды мәселелер көп екенін тілге тиек етті Guangming Daily газетінде жарияланған Бейжің тіл және мәдениет университетінің доценті Рао Гаоци. «Егер осы негізгі стандарттарды басқалар бақылайтын болса, Қытай жаһандық цифрлы басқарудағы позициясын жоғалтып, цифырлы кеңістіктегі қытай мәдениеті ықпалының шектелуіне жол беруі мүмкін», деп жалғастырды Рао Гаоци. Қытай тіліндегі ресурстарды дамыту тек техникалық жетекшілікті ғана емес, «идеологиялық жетекшілікті» де қамтиды, себебі, Бейжіңге технологияда «социалистік негізгі құндылықтарды» сақтаудың маңызы зор. Ал ағылшын тіліндегі ИИ экожүйесін басқару процедуралары авторлық құқықты сақтаудағы заңсыздықтарға байланысты сот талқылары, ашықтық бойынша міндеттемелер және келісімде қарастырылған талаптарды орындау сияқты шектеулермен бетпе-бет келіп отыр. Жасанды зерде адамдар білімге қол жеткізетін, техникалық мәселелерді шешетін және шешім қабылдайтын интерфейске айналған сайын, тіл ресурстарындағы айырмашылықтар экономикалық мүмкіндіктер мен технологиялық мүмкіндіктердегі айырмашылықтарға айналу қаупін туғызатынын ескертіп отыр сарапшылар. Әдетте жасанды зерде адамдардың мүмкіндіктерін теңестіретін, бірыңғайда теңсіздікті жоятын құрал ретінде қарастырылады, алайда, тілдік ресурстар АІ-дың осынау артықшылығын шектейді. 

0 пікір
Мұрағат