|
Дәрі-дәрмек ысырапшылдығынан келген шығын Ұлыбританияда жылына кем дегенде 480 еуроға жеткен
|
Бұл тарапта арнайы жүргізілген тергеу және тексеру жұмыстарының нәтижесі көрсетекендей, Ұлыбританияның ұлттықденсаулық сақтау қызметі пайдаланылмаған дәрі-дәрмек үшін жылына кем дегенде 480 млн еуро мөлшерінде шығын көреді. Бейнелеп айтқанда, сатып алынғанымен пациенттер пайдаланбаған дәрі+дәрмекті жинаса, 75 олимпиадалық бассейнге сыйып кетеді. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Mail мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ұлттық фармацевтикалық қауымдастықтың (NPA) есебінше, бір ғана Англия аумағында 2024/25 жылдары тек ішінара пайдаланылған 3 400 тонна дәріні жоюға тура келген. Бұл шама, бейнелеп айтқанда, 560 африкалық піл немесе 3000 автокөлікке тең. Дәрі-дәрмек денсаулық сақтау үшін едәуір шығын әкелетін кәдімгі қалдық ретінде емес, дәріханалар арқылы арнайы тәсілмен жойылуы тиіс. Осы орайда әлемнің барлық елінде дәрі-дәрмекті тұтынушы сатып алғаннан кейін кәдеге жаратылмаса, өзге тауарлар секілді қайта өткізе алмайтынын айта кетпекпіз. Қауіпсіздік үшін қалыптасқан мұндай жүйе дәрі-дәрмек ысырапшылдығына жол береді, соның ішінде бірыңғайда сатып алынғанымен пайдаланылмағандықтан дәрі-дәрмек қалдығын көбейтіп, қоршаған ортаға қауіп төндіреді. Қоршаған ортада ыдырап, суға немесе топыраққа түскен химиялық заттың экологиялық зияны көп.
Ұқсас материал:
Үндістанның фармацевтикалық секторы жыл сайын науқастар емделмей жатып 5 миллиард доллар жоғалтады