БҰҰ палестиналықтардың өз мемлекетін құруын құптады
|
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы палестиналықтардың өз мемлекетін құруына құқық беретін қарар қабылдады. Аталмыш құжатқа сәйкес БҰҰ-ға мүше барлық мемлекет пен институттар палестиналықтардың өз мемлекетін құруына қолдау білдіруі тиіс. Нақтырақ айтқанда, дауыс беру кезінде 193 елдің 180-і палестиналықтардың өз мемлекетін құруын жақтаса, тек жеті ел ғана қарсы шықты: Израиль, АҚШ, Канада, Микронезия, Науру, Маршалл аралдары және Палау. Ал төрт ел, атап айтқанда, Камерун, Тонго, Оңтүстік Судан және Парагвай қалыс қалды. Десе де, бұл қарардың талаптарын орындау міндетті болып саналмайды. БҰҰ жанындағы Палестина өкілі Рияд Мансұрдың айтуынша, осының өзі үлкен жетістік болып саналады, бұл халықаралық қауымдастықтың палестиналықтарға көрсететін қолдауының артып келе жатқанының көрінісі.