Бұл мешітке жету үшін адамдар қатерге бас тігеді (фото)
Бұл мешітке жету үшін адамдар қатерге бас тігеді (фото)
9 жыл бұрын 5506

Мумбай жағалауынан жарты шақырым жерде орналасқан Уорли шығанағындағы кішкене ғана бұл аралға әлемнің түкпір-түкпірінен туристер ағылып келіп жатады. Себебі, бұл аралда ерекше үлгідегі Хаджи Али Даргах мешіті бар. Құлшылық ордасы қажылық парызын өтеу үшін өзінің бар байлығын кедей-кепшікке үлестірген Сайеде Пир Хаджи Али Шах Букхари есімді дәулетті саудагердің құрметіне тұрғызылған. Бұл жайында muslim.kz ақпарат көзі хабар таратты.

Люди сильно рискуют жизнью, пытаясь попасть в эту мечеть...

Өзінің қажылық сапарынан соң Али Шах әлемді аралап, саяхат жасауға шығады. Саяхат барысында түрлі ғажайыптарға тап болған Али Шах дәл осы аралда өзінің ізбасарларын жолықтырған. Солардың бастамасымен 1431-жылы Али Шах атындағы мешіт салынады.

Люди сильно рискуют жизнью, пытаясь попасть в эту мечеть...

Айналасын су қоршаған аралдағы мешітке жету үшін адамдар алғашқы бес ғасыр бойы қайықпен қатынаған екен. Ал, 1944-жылы мешітке баратындар үшін арнайы жол төселіп бастайды.

Люди сильно рискуют жизнью, пытаясь попасть в эту мечеть...

Алайда, маусымдық жел уақытында алып толқындар жолды шайып кететін көрінеді. Дауыл басылған соң жолды биіктету үшін тағы да топырақ төгіледі. Ал, шілде-тамыз айларында жаңбыр маусымы басталған кезде мешіт қақпасы мүлдем жабық болады. Адамдардың алай-дүлей аласұрған теңіз толқындарының құрбанына айналмас үшін мешіт басшылығы осылай істеуге мәжбүр болады екен.

Люди сильно рискуют жизнью, пытаясь попасть в эту мечеть...

Люди сильно рискуют жизнью, пытаясь попасть в эту мечеть...

Ақ көбігін аспанға атқан дүлей толқындардың биіктігі кейде бірнеше қабатты үймен бірдей болып, адамдарды ағызып әкететін жағдайлар жиі болып тұрады екен. Дегенмен, жұма күндері бұл мешітке 40 000-нан астам адам жиналатын көрінеді.

Люди сильно рискуют жизнью, пытаясь попасть в эту мечеть...

6 пікір
Мұрағат