Биыл жол апатынан бірде-бір бала өлмеген
Биыл жол апатынан бірде-бір бала өлмеген
8 жыл бұрын 3094

Норвегияның жол қозғалысының қауіпсіздігі жөніндегі кеңестің хабарлауынша, биыл, яғни, үстіміздегі жылы жолда бірде-бір бала зардап шекпеген. Мұндай жағдай сонау өткен ғасырдан, яғни, 1970 жылдан бері аталмыш кеңес жұмысы бастағалы бері бірінші рет болып отыр. Осы ұйымның директоры Ян Йохансонның айтуынша, бұған жол сапасының жақсаруы, қауіпсіздік жүйесінің жетілдірілуі және көлік жүргізушілердің кәсіби шыңдалуы себеп болған. Десе де, Норвегия жолдарында үстіміздегі жылы 113 ересек адам опат болған. Балаларға арналған креслоның болуын талап ету, жаяу жүргіншілер мен велисопед жолдарының көбеюі өз нәтижесін беріп, жол-көлік апатын азайтуға септігін тигізген. Айта кетейік, әлем бойынша жыл сайын жол-көлік апатынан 260 мыңнан аса бала қыршынынан қиылады екен.

0 пікір
Мұрағат