Билік ит етін жеуге толық тыйым салуы мүмкін
Билік ит етін жеуге толық тыйым салуы мүмкін
19 күн бұрын 278 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Chung Sung-Jun / Getty Images

Оңтүстік Корея президенті Мун Шже Ин министрлер кабинетіне ғасырлар бойы қалыптасқан жат әдетке тойтарыс беруге бастайтын, дәлірегі, ит  етін тағам ретінде тұтынуға тыйым салу мәселесін қарастыруды тапсырды. Бұл жайында islam.kz порталы таңғы шық елінің en.yna.co.kr ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған ел президенті бұл бастаманы қараусыз қалған үй жануарларын күту жүйесін жетілдіруге қатысты министрлер кабинеті жетекшісі Ким Бу Гем баяндама жасағанда көтерді. Аталмыш ақпарат көзінің хабарына қарағанда, Корея республикасының басшысы Мун Шже Иннің өзі итті ақсы көреді. Сеул қаласындағы Шһонуаде президент сарайында оның бірнеше асыранды иті бар. Оның үстіне, таңғы шық елінде итті жеу үшін емес, үй жануары ретінде асырайтындар қарасы көбейіп келеді. Бір қызығы, бұл елде итті азаптап өлтіруге тыйым салатын, яғни, жануарларды қорғайтын арнайы заң болғанымен итті сойып жеуге тыйым салынбаған. Мұндай кереғарлық (жануарларды қорғау туралы) тек Азияның қиыр шығысындағы осы елде ғана кездесетін шығар. Сөз орайы келгенде айта кету керек, өткен жылы (2020 ж.) Солтүстік Корея билігі азаматтарына итті үй жануары ретінде ұстауға тыйым салған болатын: онсыз да ядролық бағдарламасына байланысты әлемнін оқшауланып, экономикалық санкция астында қалып, азық-түлік дағдарасы тым тереңдеп кеткендіктен тағамға ортақ болатын итті масыл санап, үнемдеуге үндеген болатын.

Ұқсас материалдар:

«Кәрістер ит етінен бас тартып жатыр: Сеулдегі соңғы ит қасапханасы жабылды» (https://islam.kz/kk/news/alem/karister-it-etinen-bas-tartyp-jatyr-seuldegi-songy-it-qasaphanasy-jabyldy-12625/#gsc.tab=0);

«Сиыр етін тұтынуға заң жүзінде тыйым салынатын болды» (https://islam.kz/kk/news/alem/siyr-etin-tutynuga-zan-juzinde-tyiym-salynatyn-boldy-14130/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат