Кәрістер ит етінен бас тартып жатыр: Сеулдегі соңғы ит қасапханасы жабылды
Кәрістер ит етінен бас тартып жатыр: Сеулдегі соңғы ит қасапханасы жабылды
4 жыл бұрын 2880 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өткен аптада Оңтүстік Корея астанасындағы соңғы ит қасапханасы жұмысын тоқтатты. Аталған қала басшысы Пак Вон Суннің ит етін жеуге ресми тыйым салғанын осы елдегі жануарлар құқығын қорғаушылар мәлім етті. Бұл жайында UPI ақпарат көзі хабар таратты. Өткен аптада ұзын саны сегіз ит қасапханасы жабылған екен. Соның ішінде, тұрғындар мен тұтынушыларға ит еті сатылатын Кендон және Джунган базарлары да жабылған. Соңғы айларда аталған елде ит етіне сұраныс күрт кеміп кеткен болатын: өткен жылы Gallup Korea ұйымы жүргізген қоғамдық сауалнама нәтижесінен белгілі болғандай, тұрғындардың 70%-ы ит етін тұтынғысы келмейтінін жеткізген. Ит етін жеуге тыйым салу қарастырылған заң жобасы парламентке өткен жылдың маусым айында келіп түскен болатын. Алайда, аталмыш заң жобасы әлі күнге қабылданған жоқ. Десе де 2015 жылдан бері ит қасапханасын жабуды табандылықпен талап етіп келе жатқан халықаралық ізгілікті кәріс қоғамдастығы (HSI Korea) секілді ұйымдар осынау жабайы әдеттің тамырына балта шабу үшін ел билігімен бірге жұмыс істеп, ит етін дайындайтын кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп келеді. Ит етіне сұраныстың күрт кеміп кетуі, қоғамның наразылығы және жануарларды қорғау ұйымдары мен белсенділердің талабы кәрістерді осынау харам әдеттен арылуына септігін тигізіп жатыр. Естеріңізде болса, осыдан бір жыл бұрын шамасында «Әлемдегі ең ірі харам қасапханалардың бірі жабылды» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/alemdegi-en-iri-haram-qasaphanalardyn-biri-jabyldy-11094/#gsc.tab=0)  деген хабарымызда айтып өткендей, таңғы шық елінің аумағында ит соятын 17 мыңға тарта қасапхана болған. Жылына 2 млн-нан аса ит сойылатынын да айтып өткенбіз.

0 пікір
Мұрағат