|
Биіктен құлаған әйелді көшедегі жігіт тосып алмақшы болды (видео)
|
Интернетте қытайлық жас жігіттің 11-ші қабаттан құлаған әйелді құтқармақшы болған сәтінің видеосы жарияланды, - деп хабарлайды "TengrinewsTV". Видео бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Фэн Нин есімді жігіт жерге қарай құлап келе жатқан әйелді қолымен ұстап алмақшы болады. CCTV телеарнасының мәліметінше, көрші ғимараттан әйелдің айғайлаған дауысын естіген жігіт мейрамханадан жүгіріп шығып, ойланбастан әйелді құтқаруға асығады. Әйелдің асқан жылдамдықпен құлағаны соншалық, оны тосып алған жігіт те есеңгіреп қалды. Өкінішке қарай, әйелді құтқарып қалу мүмкін болмады. Фэн Нин есімді жігіт түрлі жарақатпен ауруханаға түсті.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді