Бәсекелестіктің күшеюі жасыл технологияға қауіп төндіре бастады
Бәсекелестіктің күшеюі жасыл технологияға қауіп төндіре бастады
3 жыл бұрын 2138 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Күні кеше сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарияланған «Жаһандық жылыну инвесторлардың жоспарын өзгертеді» (қараңыз: https://islam.kz/kk/news/alem/jahandyq-jylynu-investorlardyn-josparyn-ozgertedi-15599/#gsc.tab=0) деп аталатын материалымызда инвесторлардың климат өзгерісіне байланысты стратегиясының өзгеретіні турасында, дәлірегі, қазба ресурстан кетіп, жаңғыртпалы энергия көздеріне қаржы құятыны жөнінде жазғанбыз. Өйткені, климат өзгерісімен күресуде жасыл технологияның маңызы зор саланың болашағы зор. Бұл процесс басталып кеткенін сарапшылар алға тартып отыр. Әлемнің аса ірі мұнай компаниялары жаңғыртпалы энергия көздеріне қаржыны көптеп бөле бастаған. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg іскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аса ірі мұнай компанияларының аңғыртпалы энергия көздеріне назар аударуы өз кезегінде өркен жайып келе жатқан бұл нарықтағы бәсекелестікті күшейтіп келеді. Мәселен, желден энергия өндіруге арналған құрылғылар мен қондырғылар жасайтын Orsted және Vestas компаниялары алғашқы тоқсанда табыстың азайғанын жасырмады. Бұған осы салаға жел турбиндерін әзірлейтін өзге компаниялардың еніп жатқаны, дәлірегі, осы саладағы өндіріске қажетті мыс пен болатқа деген сұранысты арттырып, бағасының көтерілуіне себеп болған. Мәселен,  Siemens Gamesa компаниясы аталған шикізат бағасының өсуіне байланысты 314 млн еуро (369 млн доллар) табыстан қағылған. Бұдан бөлек, күн модулдерінің бағасы да шарықтап, 16 пайыздан аса көтерілген. Бұл саладағы пайданың кемуі – жасыл технологияға қауіпті белгі болып отыр: 2050 жылға дейін кем дегенде 92 трлн доллар тартылуы тиіс еді климат өзгерісінің салдарын жұмсарту үшін атмосфераға бөлінетін улы заттар мен зиянды қалдықтарды, өзге де ластаушы заттардың мөлшерін азайту мақсатында. Әлемнің көптеген елдерінде жаңғыртпалы энергия көздері арзан энергия көзі болатын. Өткен жылы ВР компаниясы жаңғыртпалы энергия көзінің қуатын 3 гигаваттан 50 гигаватқа дейін арттыруды алдына мақсат етіп қойған болатын. Ал TotalEnergies компаниясы 2030 жылға дейін бұл көрсеткішті 100 гигаватқа дейін арттырмақ болған еді. ACME Solar Holdings компаниясы елдегі күн энергиясын үш есе өндіруді көздеп отыр. Бұған қыруар қаржы қажет. ACME Solar Holdings компаниясының негізін қалаушы әрі жетекшісі Манодж Упадхиай бес жылдың ішінде компания жаңңыртпалы энергия көзінің қуатын бес гигаватқа дейін арттыруды жоспарлап отыр – бұл 2,7 млрд долларды қажет етеді. Қазіргі уақытта аталған компания 2,9 гигаватын ғана өндіріп отыр. Осылайша ACME Solar Holdings компаниясы  атмосфераны парникті газбен ластау көрсеткіші бойынша үшінші орында тұрған Үндістанды жаңғыртпалы энергетиканың тартымды нарығына айналдырмақ. Бұл өз кезегінде әлемдік инвесторлар қаржысының шамамен төрттен бірін қажет етеді. Әзірге аталған үнді компаниясының жобасына канадалық Brookfield Renewable Partners компаниясы мен норвегтердің Scatec ASA компаниясы қаржы құйып отыр – олардың бұл қаражаты 450 және 900 мегаватт энергия өндіруге жетеді. Бұдан бөлек, ACME Solar Holdings компаниясы тек күн энергетикасымен шектеліп қалмай, сутегі өндірісіне де ден қоймақшы: 2022 жылдың қаңтар айында аталған компания сутегін теңіз кемелері үшін экологиялық отын болып табылатын «жасыл» аммиакқа айналдыратын зауыт құрылысын бастамақ. Бұл жоба да қыруар қаражатты қажет етпек – 3,5 млрд доллар. Есесіне, болашақта аталған ел күніне 2,4 аммиакты экспорттайтын жағдайға жетпек. Мұның барлығы жаңғыртпалы энергетикаға қажетті шикізаттың бағасын көтереді. Бұл салада осындай тенденцияның қалыптасуынан, яғни, шикізатқа деген сұраныстың артуына байланысты бағаның көтерілуінен инвестиция мөлшері азайтуы мүмкін. Десе де BloombergNEF дерегіне қарағанда, осы жылдың алғашқы жартысында күн, жел және өзге де жасыл технологияға 174 млрд доллар жұмсалған, бұл көрсеткіш өткен жылғысымен салыстырғанда 1,8 пайызға артық болды. Бұл саладағы мұндай тенденция жасыл технологияның одан ары дамуына кедергі келтіріп, климат өзгерісімен күресуге өз кесірін тигізуі мүмкін екенін сарапшылар жоққа шығармайды. Халықаралық энергетика агенттігі келтірген мәліметке үңілсеңіз, 2020-2050 жылдар аралығында ауа температурасының Цельсия бойынша көтерілуін 1,5 градустан асырмау талабы жел мен күннен өндірілетін қуатты бес есеге дейін көтеруді қажет етеді.

 Ұқсас материалдар: 

"Адамзатқа қауіпсіз кәсіпорындар саны артып келеді" (https://islam.kz/kk/news/alem/adamzatqa-qauipsiz-kasiporyndar-sany-artyp-keledi-15598/#gsc.tab=0);

"Жаһандық жылыну инвесторлардың жоспарын өзгертеді" (https://islam.kz/kk/news/alem/jahandyq-jylynu-investorlardyn-josparyn-ozgertedi-15599/#gsc.tab=0);

«Жасыл» энергияның қатері қандай?" (https://islam.kz/kk/news/alem/jasyl-energiyanyn-qateri-qandai-12385/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат