|
Байлар мен кедейлер арасындағы ғұмыр ұзақтығы алшақтап барады
|
Бай аудандарды тұратындардың кедейлерге қарағанда денсаулығы жиырма жылға мықты келеді. Жаңа зерттеуге сәйкес. Бұл жайында islam.kz порталы ВВС News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Денсаулық сақтау қоры өзінің соңғы зерттеуінде Ұлыбританиядағы саламатты өмір сүру ұзақтығының 2012-14 жылдардан 2022-24 жылдарға дейінгі он жылда шамамен екі жылға төмендегенін анықтады. Тәуелсіз қайырымдылық және медициналық талдау орталығы бұл өзгерістің экономикалық жағынан елеулі пайдасы болатынын мәлімдеді. Саламатты өмір сүру ұзақтығы - адамдардың өздерін қалай сезінетінін және сауалнамаларда есеп беруін, сондай-ақ, өлім-жітім деректерін ескере отырып, денсаулығына қарай қаншалықты өмір сүретінін бағалау үшін сарапшылар пайдаланатын техникалық термин. Аталған талдау орталығының бұл тараптағы сараптамасы қамтамасыз етілген және аз қамтылған аудандар арасындағы айырмашылықтардың едәуір күшейгенін көрсетіп берді. Аталған талдау орталығының бас сарапшысы Ендрю Муни Ұлыбританиядағы семіздіктің Батыс Еуропада ең жоғары деңгейге жеткенін, сондай-ақ, жастар арасында психикалық аурулардың көбейгенін жеткізді. Осындай факторларға байланысты ел экономикасы едәуір шығынға батқан: денсаулықтағы кінәрат адамдарды жұмыс күшінен ығыстырды, ал жастар білімнен қол үзіп, жұмысқа орналасудан қалған. Былай қарағанда, халықтың жалпы денсаулығы орынша көрінгенімен деннің сау жылдары кеміген. 2022-2024 жылдары Англияның мұқтаждығы аз аудандарында ерлер денінің саулығы орташа есеппен 69,2 жылды құраған, ал денсаулығының нашар жылдары 14,4 жылдан аспаған, ал әйелдердің денінің саулығы - 68,5 жыл және денсаулығының нашар жылдары - 17,9 жыл. Ал ең кедей аудандарда саламатты жас көрсеткіш небәрі 49,8-ды құраған және ерлер денінің саулығының орташа көрсеткіші - 23,4 жыл, ал әйелдердің саламатты өмір сүру ұзақтығы - 48,2 жыл, дімкәс күйінде өмір сүру ұзақтығы уақыты орташа есеппен - 30,1 жыл. Негізінде бұл тараптағы зерттеу әлеммнің ең дамыған 21 елін қамтыған екен. Бұл бағыттағы зерттеуде келтірілген мағлұматтар дамушы елдерде басқаша болуы мүмкін.