|
Қытай алыстан орағытқан қауіпке қайран қыла алмай отыр
|
Қытайдағы соңғы он жылда азайған халық саны 60 млн адамға жеткен. Яғни, айналдырған екі саусақтың санындай жылдар ішінде тұтас бір мемлекеттің орташа адам санымен пара-пар деңгейге дейін кеміген. Бейнелеп айтқанда, Франция халқының санындай адамға кеміген. Бұл жайында islam.kz порталы South China Morning Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Rhodium Group зерттеу орталығының Аллен Фен есімді сарапшысының айтуынша, мұндай демографтиялық кері көрсеткіш Қытай экономикасын ауыр соққы болмақ: ең алдымен тұтыну деңгейі төмендеп, еңбек өнімділігін азайтады. Туу көрсеткішінің төмендеуі мен қартаю процесінің қарқын алуына байланысты қарттар күтімі секілді әлеуметтік шығындар жылдан жылға көбейіп келеді. Тек өткен жылдың өзінде әлеуметтік қамсыздандыру қорының демеуқаржысы рекорд орнатқан – 2,9 трлн юан (425 млрд доллар). Яғни, қарттар күтіміне кететін шығынның өзіне мемлекет бюджетінің он пайыздайы жұмсалған. Қытай билігінің халық санын көбейту бағытында маңызды әрі елеулі қадамдар (мәселен, “Бір отбасы - бір белдеу”шектеу саясатын жою, перзент сүйгісі келетін отбасыларға мемлекет тарапынан түрлі жәрдемақы мен жеңілдіктер тағайындау, т.б. шаралары) жасалғанымен бұл бағдарламалар әзірге нәтиже көрсетпей отыр.