Бай адамдардың 10%-ы планетаға жылына 3,7 трлн долларға зиян келтіреді – ғалымдар
Бай адамдардың 10%-ы планетаға жылына 3,7 трлн долларға зиян келтіреді – ғалымдар
1 сағат бұрын 49 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Тұтыну деңгейі жылдан жылға артып келе жатқан адамзат бөлігінің 10%-ы келтіретін экологиялық залал жыл сайын 1,7 трлн доллардан 5,7 трлн долларға дейін жетеді. Бұл жайында islam.kz порталы Communications Sustainability мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы зерттеу нәтижесіне сәйкес бұл қаражат климаттың өзгеруіне қарсы күреске бөлінген қаржыдан және биоалуандықты сақтауға қатысты барлық халықаралық міндеттемелерден бірнеше есе асып түседі. Оның үстіне, қоршаған ортаға келтірілген залал ауқымын жаһандық экологиялық дағдарысты еңсеру үшін әлемге қажетті қаражаттың барлық мөлшерімен салыстыруға болады. Ғалымдар алғаш рет аса маңызды төрт салаға: климатқа, биологиялық әралуандылыққа, тұшшы суды пайдалануға және қоршаған ортаны азот пен фосформен ластауға әкелетін зиянды ақшалай эквивалентке аударды.

Басты ластаушылар қайда тұрады және қанша жұмсайды

Әлемдік тұтынушылардың 10% -нан бір адамның табиғатқа келтірілген зиян орташа есеппен жылына 2300 доллар мен 7500 доллар аралығында ауытқиды. Жекелей алғанда экологияға залалы ең жоғары Америка құрама штаттарында бұл көрсеткіш астрономиялық деңгейге жеткен - 19 000 - 63 000 аралығында ауытқиды. Бұл көрсеткіш олардың жылдық кірісінің 6-20% -ына немесе олардың жалпы капиталының 0,8-3% -на тең.

Географиялық жағынан қоршаған ортаға ең зиянды топ өкілдерінің 60% -дан астамы АҚШ пен Еуроодақта тұрады. Бұл ретте ЕО-ға артық тұтынушылар санатына халықтың шамамен 40-45% -ы, ал Құрама Штаттарда - ел тұрғындарының жартысынан астамы жатады. Салыстыру үшін алсақ, жан басына шаққандағы экологиялық зиянның ең төменгі көрсеткіштері Үндістан мен Мысырда тіркелген.

Тұтынудан келетін залал қоғамының барлық зиянды әсеріне шаққанда биологиялық әралуандылықтың жойылуға қосқан үлесі залалдың жалпы сомасының 47% -дан 56% -ға дейінгі аралықта ауытқиды. Климат дағдарысынан келетін залал 36-45% үлеспен екінші орында тұр.

Инвестициялар, салықтар және жауапкершілік

Бұл ретте Лейден және Оксфорд университеттерінің ғалымдарының есебі бойынша бай адамдардың қоршаған ортаға келтіретін залалының жартысына жуығы тұтыну әдетімен емес, олардың инвестицияымен байланысты болып шыққан. Мәселен, қазбалы пайдаға, т.б. инвестициясы есебінен экологияға зиян келеді. Міне, осындай себептерге байланысты олардың дәулетіне салықты көтеруді ұсынып отыр. 

0 пікір
Мұрағат