Әзірбайжандар армяндардың 88 мыңнан аса минасын залалсыздандырған
Әзірбайжандар армяндардың 88 мыңнан аса минасын залалсыздандырған
1 жыл бұрын 1272 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

2020 жылдың күзінде 44 күнге созылған Қарабақ таулы аймағындағы жер дауына байланысты соғыс барысында және соғыс аяқталғалы бері жаудан азат етілген өңірден армян содырлары сен сепаратистері жасырып кеткен миналар әлі күнге табылып жатыр. Осы күнге дейін әзірбайжан әскерилері 88  260 минаны тауып залалсыздандырған екен. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Әзрібайжанның минадан тазарту жөніндегі агенттігі басқармасының (ANAMA) жетекшісі Бұғар Сүлеймен келтірген дерекке жөн сілтеген Anadolu Ajansı ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның айтуынша, Әзірбайжан әлемдегі миналанған, яғни, жарылғыш зат көптеп жасырылған санаулы елдердің бірі. Бұл фактор аймақты (Қарабақ) әлеуметтік және экономикалық жағынан дамытуға және толыққанды бейбітшілік орнатуға кедергі келтіріп отыр. Оның атап өтуінше, 2020 жылдың қараша айынан бері Қарабақ аймағындағы 81 386 гектар аумақ минадан тазартылған. «Жалпы 88 260 мина мен соғыстың басқа да жарылғыш қалдықтары табылып залалсыздандырылды, соның ішінде жаяу әскерге қарсы 28 259 мина, танкке қарсы 15 303 мина және 44 698 жарылмаған снаряд табылған. Осындай ілгерілеушіліктерге қарамастан миналар қаупі сақталуда», - деп мәлімдеді ол. Оның айтуынша, соңғы 32 айда 302 әзірбайжан азаматы миналар мен соғыстан қалған жарылғыш заттардың құрбаны болған. Оның 57-сі қаза тауып, 245-і түрлі деңгейде жарақат алған. Сөз орайы келгенде армяндар әзірбайжандарға қай жерге мина жасырғаны туралы ақпаратты, дәлірегі, картаны беруден бас тартқанын айта кету керек. Бұл халықаралық нормаларға қайшы әрекет. «Бейбітшілік тамыры» деп аталатын халықаралық гуманитарлық ұйымының негізін қалаушы және жетекшісі Хайди Кун Баку қаласында күні кеше өткен «Мина соғысы – тұрақты даму жолы» атты халықаралық конференцияға қатысушыларға арнаған бейне үндеуінде Әзірбайжан аумағында шамамен 1 млн-дай мина мен жарылғыш заттардың әлі залалсыздандырылмағанын тілге тиек еткен болатын. «Бүгінде 60-қа жуық ел 100 миллионға жуық минамен және жарылмаған снарядтармен «ластанған». Әзірбайжан да сол елдердің бірі», деді ол.

Ұқсас материалдар:

«Армяндардың минасынан қаза тапқан және жараланған бейбіт тұрғындар саны 299 адамға жетті» (https://islam.kz/kk/news/alem/armyandardyn-minasynan-qaza-tapqan-jane-jaralangan-beibit-turgyndar-sany-299-adamga-jetti-18546/#gsc.tab=0);

«Арменияның Әзірбайжанға қатысты тағы бір қылмысы...» (https://islam.kz/kk/news/alem/armeniyanyn-azirbaijanga-qatysty-tagy-bir-qylmysy-14911/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат