АҚШ Таяу Шығыстағы саясатын өзгертеді
АҚШ Таяу Шығыстағы саясатын өзгертеді
11 ай бұрын 853 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

АҚШ билігі әлемдегі ең тұрақсыз аймақ саналатын Таяу Шығыстағы саясатынын өзгертетінін мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы Al Arabiya ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Пентагон (АҚШ қорғаныс министрлігінің штаб-пәтері)  жетекшісінің стратегия, жоспарлау және әскери әлеует жөніндегі орынбасары Мара Карлин осылай деп мәлімдеді. АҚШ-тың Таяу Шығысқа қарым-қатынасында парадигманың өзгергені туралы айтылып отыр бұл арада. Соның ішінде АҚШ тарапы аталған аймаққа қатысты бірыңғай әскери іс-қимылдарға негізделген орындалуы қиын мақсаттарынан бас тартпақ. Есесіне аймақта нақты мақсат қойған әрі АҚШ қаруын сатып алуға мүдделі елдермен одақ құруға көшеді. Яғни, Мара Карлин Таяу Шығыстағы серіктестердің АҚШ пен оның одақтастарынан қару жүйелерін сатып алуы керектігін, әйтпесе америкалық тараптың аймақта тиімді әрекет ете алмайтынын атап өтті.

0 пікір
Мұрағат