Ауызашардағы айырмашылық: ас та төк молшылық пен жоқшылықтың арасы... (ВИДЕО)
Ауызашардағы айырмашылық: ас та төк молшылық пен жоқшылықтың арасы... (ВИДЕО)
8 жыл бұрын 3940

Әлеуметтік желіге жүктелген саудиялық бай бір отбасындағы ауызашар бейнеленген видео ғаламтор пайдаланушыларының пікірін қақ жарды. Түрлі дәмнен қайысқан дастарханды «шектен тыс ысырапшылдыққа» балап, балағаттандар да, бұл дастарханды мейірімі түскен құлына берген «құдайдың ырзық-несібесіне» телігендер де болды. «Байдың асын байғұс қызғанады» деп қате жорымыңыздар. Біреудің дастарханына үңілу де жақсы атақ емес. Десе де мақтан үшін оны жаһанға жар салып жариялау да әдепке жатпайтынын, сонымен бірге, «көз ақысы» барын де ескергеніміз жөн.  Ал мына кадрдан көрші жатқан Йемен еліндегі қайырымдылық қорының ауызашарға үлестіретін бір жапырақ наны мен бір кесе күріші үшін аптап ыстыққа қарамай кезекке тұрған аш-арық әйелдер мен балаларды байқауға болады.

0 пікір
Мұрағат