Атмосфераны көмірқышқыл газынан 99%-ға дейін тазартатын технология
Атмосфераны көмірқышқыл газынан 99%-ға дейін тазартатын технология
3 жыл бұрын 2018 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Делавэр университетінің ғалымдары атмосферадан көмірқышқыл газын 99% жоятын тиімді тәсіл ойлап тапты – сутегімен жұмыс істейтін электрлі-химиялық жүйеге негізделген технология турасында сөз болып отыр бұл арада. Бұл жайында islam.kz порталы nature.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдардың сөзіне қарағанда, бұл тәсіл жаһандық жылынуға себеп болып отырған  атмосферадағ көмірқышқыл газын аулауға бағытталған технологияның дамуындағы маңызды жаңалық. Бұдан бөлек, аталмыш технология экологияға зияны жоқ отын элементтерін алуға мүмкіндік береді. Отын элементтері отынның химиялық энергиясын электрге айналдырады. Оны гибридті және көміртектен адам көлік түрлеріне қолдануға болады. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Иушан Иан есімді профессор әрі химиялық және биомолекулярлық инженерия кафедрасының меңгерушісі бұрын гидрооксидті мембраналы отын элементтерін жақсарту бағытында ұмыс істеген екен. Бұл тәсіл бойынша алынатын отын элементтері (яғни, гидрооксидті мембраналы отын элементтері) қышқыл негізіндегі әдеттегі отын элементтеріне арналған үнемді әрі экологиялық тиімді балама болып табылады. Оны бүгіннің өзіне пайдалана бастағанын айта кетпекпіз. Десе де сөз болып отырған гидрооксидті мембраналы отын элементтерінің де кем-кетігі барын айта кету керек – ол атмосферадағы көмірқышқыл газына шектен тыс сезімтал келеді. Осының кесірінен отын элементтерінің өнімділігі мен тиімділігі 20%-ға дейін кеміп кетеді. Дегенме ғалымдар бұл тетікті мұқият зерделеп көрген екен: Химия және биомолекулярлы инженерия саласындағы зерттеулерге атсалысып жүрген кафедра доценті Брайан Сетцлердің айтуынша, отын элементтері көмірқышқыл газымен әрекеттескенде онны аулайды. Бұл тәсілдің тиімділігі 99%-ға жеткен. Содан кейін ғалымдар электрохимиялық технологияға арналған қуат көзін бөлуші мембранаға енгізудің жолын тапқан. Нәтижесінде ғалымдар көмірқышқыл газының шамамен 99%-ын тоқтаусыз жоя алатын 5-5 см өлшемді электрохимиялық ұяшықты ұсынды. Ауа құрылғы арқылы минутына шамамен екі литр жылдамдықпен өтеді.

Ұқсас материалдар:

«Жасанды жапырақ табиғи жапыраққа қарағанда көмірқышқыл газын 100 есе тез сіңіреді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasandy-japyraq-tabigi-japyraqqa-qaraganda-komirqyshqyl-gazyn-100-ese-tez-siniredi-16344/#gsc.tab=0);

«Сәуірде СО2-ні «сіңіретін» механикалық ағаш фермасы іске қосылады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/sauirde-so2-ni-siniretin-mehanikalyq-agash-fermasy-iske-qosylady-video-16328/#gsc.tab=0);

«Жаңа зәулім ғимарат қала ауасын тазартуда 48 500 ағашты алмастыра алады» (https://islam.kz/kk/news/arturli/jana-zaulim-gimarat-qala-auasyn-tazartuda-48-500-agashty-almastyra-alady-video-16059/#gsc.tab=0);

«Адамзат тыныс алып отырған ауа үшін ақы төлеу жүйесіне көшуі мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/alem/adamzat-tynys-alyp-otyrgan-aua-ushin-aqy-toleu-juiesine-koshui-mumkin-15633/#gsc.tab=0);

«Көмірқышқыл газын оттегіге айналдырудың жолы табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/komirqyshqyl-gazyn-ottegige-ainaldyrudyn-joly-tabyldy-15991/#gsc.tab=0);

«Күн реакторы көмірқышқыл газ бен суды жағармайға айналдырады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/kun-reaktory-komirqyshqyl-gaz-ben-sudy-jagarmaiga-ainaldyrady-video-15990/#gsc.tab=0); 

«Бір өзі 80 мың ағаш сіңіретін көмір қышқыл газын аулайтын қондырғы жасалды» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/bir-ozi-80-myn-agash-siniretin-komir-qyshqyl-gazyn-aulaityn-qondyrgy-jasaldy-14105/#gsc.tab=0); 

«Ауаны көмірқышқыл газынан тазартатын аса ірі зауыт ашылды» (https://islam.kz/kk/news/alem/auany-komirqyshqyl-gazynan-tazartatyn-asa-iri-zauyt-ashyldy-video-15732/#gsc.tab=0);

«Атмосферадағы көмірқышқыл газын "сіңіріп" алатын тағы бір зауыт ашылды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/atmosferadagy-komirqyshqyl-gazyn-sinirip-alatyn-tagy-bir-zauyt-ashyldy-foto-11275/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат