Сәуірде СО2-ні «сіңіретін» механикалық ағаш фермасы іске қосылады (видео)
Сәуірде СО2-ні «сіңіретін» механикалық ағаш фермасы іске қосылады (видео)
2 жыл бұрын 2144 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Таяуда Inverse ақпарат көзіне сұхбат берген Аризона университетінің Клаус Лакнер есімді америкалық профессор өзі ойлап тапқан климат өзгерісіне қарсы жүйе туралы айтып берді. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаһандық жылынуға себеп болып отырған атмосфераға бөлінген парникті газды аулайтын жоба авторының айтуынша, ауадан СО2-ні аулайтын бұл құрылғы диаметрі бір жарым метрден асатын дискілерден тұратын, арнайы шайырмен қапталған бағандар ретінде сипатталады. Дискілер арасындағы арақашықтық шамамен 5 см. Бұл құрылғыдан ауа өткен сәтте дискілер СО2-ні сіңіріп алады. Бір дискінің көмірқышқыл газына толуына 20 минут уақыт кетеді. Осыданн кейін ол төмендегі қазандыққа түсіп, СО2 су және будың көмегімен араласып, жабық камераға орналастырылады. Осы орайда өткен жылдың шілде айында америкалық профессор осы жобасы үшін АҚШ-тың Энергетика министрлігінен 2,5 млн мқлшерінде грант алғанын айта кетпекпіз. Ғалым болашақта тәулігіне 1000 тонна парникті газды сіңіретін осындай үш ферманы ашуды көздеп отыр. Алғашқысы осы жылдың сәуір айында ашылады.

0 пікір
Мұрағат