Ас қалдықтарының атмосфераға қаншалықты парникті газ бөлетіні айтылды
Ас қалдықтарының атмосфераға қаншалықты парникті газ бөлетіні айтылды
42 минут бұрын 53 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Таяуда әлем қауымдастығын азық-түлік пен ас қалдықтары туралы хабардар етудің халықаралық  күнін атап өткенде Біріккен Ұлттар Ұйымы азық-түлік қалдықтарының жаһандық жылыну қарқынын арттыруға үлесін қосатынын мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы АfricaNews ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Негізінде азық-түлік қалдыығы көмірқышқыл газына қарағанда ауаны жылыту әсері әлдеқайда жоғары метан газын бөледі.  Күллі әлем бойынша азық-түлік пен ас қалдығынан бөлінетін парникті газ мөлшері атмосфераны ластауда құрылыс пен мал шаруашылығынан қалыс қалмайды  - 8-10 пайыз. Астық жиын-теріні науқанында он үш пайызы далада шашылып, рәсуа болады, яғни, қоймаға немесе дүкен сөрелеріне жетпей жоғалады, тағы 19 пайызы үйде, супер маркеттер мен мейрамханаларда ысырап болады – желінбей қалады, тұтыну мерзімі өтіп кетеді. Азық-түлік ысырап болса, оны өсіруге, күтіп-баптауға кеткен жер мен су ресурсы да, еңбек, энергия да бекер шығын болады. Осы орайда БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ұйымы (UNEP) Африка құрлығы бойынша органикалық қалдықтарды мал азығы мен тыңайтқышқа айналдыру үшін қара шыбын дернәсілдерін пайдаланатын жобаға қолдау білдіріп келе жатқанын айта кетпекпіз. «2025 жылғы есепте аталмыш жоба Кенияда 25 000-76 000 қосымша жұмыс орнының ашылуына ықпал еткен, құстарға арналған әдеттегі қоректің бір бөлігін жәндіктерге арналған азықпен алмастыра алады». Осылайша азық-түлік өндіруге кететін барлық ресурсты үнемдеуге қатысты тың жобаларға қолдау білдіретін болады. 

0 пікір
Мұрағат