|
Арабша есімдерге тыйым салу төңірегінде пікірталас өршіп тұр
|
Тәжікстанда араб есімдеріне тыйым салатын заң жобасы төңірегінде пікірталас өршіп тұр. Президент Эмомали Рахмон аталмыш заң жобасын парламентке қарауға пәрмен берді. Егер бұл заң жобасы қабылданатын болса, арабша аттарға тыйым салынады. Яғни, шараналарға арабтардың есімін қоюға заң жүзінде тыйым салынады. Бұл жайында Тәжікстанның әділет министрлігінің азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі департаменті хабарлады. Есесіне ата-аналарға перзентіне қоятын есімдер тізімін ұсынатын болады. Айта кетейік, тәжктердің 98%-ын мұсылмандар құрайды. Бір қызығы, тәжік президентінің «Эмомали» есімі арабтардың «имам Али» тіркесінен алынған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан Ислам қаржысының өңірлік альянсын құрады
■
Қытай сауда соғысында АҚШ-ты стратегиялық тұрғыдан ұтты - америкалық сарапшы
■
Өзбекстанда Құрбан айтқа орай 10 мың балаға жасалатын ота шығындарын мемлекет өтейді және Құрбан айтқа 5 күн демалыс береледі.
■
Араб елі шетелдегі диаспорасына үлкен күшке айналуы үшін қомақты қолдау көрсетеді
■
Мысыр экономикасы ұйыққа батып барады