Араб елінде жұмысқа тұру жасын көтеруі мүмкін
Араб елінде жұмысқа тұру жасын көтеруі мүмкін
15 күн бұрын 520 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Кәмелет жасына толмағандарды еңбегін қанаудан әрі зорлық-зомбылықтан қорғау үшін Марокконың өкілдер палатасындағы социалистік топ бүгінде 15 деп белгіленген жұмысқа тұру жасын 18-ге көтеруді көздейтін түзетуді Еңбек кодексіне енгізуді бастама етіп көтерді. Бұл жайында islam.kz порталы Morocco News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш заң жобасында жағдайвна байланысты жастай жұмысқа араласуға мәжбүр 16-18 жастағылар үшін «кәсіби өсу немесе кәсіби дағдылану» деп аталатын жаңа мәртебе қарастырылмақ. Бұл мәртебе жұмысқа ерте араласуға мәжбүр жасөспірімдердің еңбегіне ақы төленуін қамтамасыз етеді әрі зиянды, ауыр еңбектен қорғауды ұйғарады. Бұл тараптағы ұсыныс теория мен практиканы біріктіретін құрылымдық тағылымдамаларды қамтиды, ең төменгі жалақы мөлшерінің 60%-ынан бастап, үшінші жылға қарай 100%-ға дейін көтеруді ұйғарады. Бұдан бөлек, жұмыс беруші тарапынан қоластындаағылардың құқығын бұзғаны анықталса жазалау шараларын күшейтіп, айыппұлды 50 000-200 000 дирхамға дейін көтереді және түрмеде отыру мерзімін ұлғайтады.  Аталған араб елінің заң шығарушылары еңбекке ерте араласу тұлғаның дамуын тежейді. Бұл бағыттағы реформа Марокко конституциясына және балалар құқығын қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияға сәйкес қолға алынып отыр. Дәлірегі, бүгінде өзгерген әлеуметтік стандарттар ескерілген.

0 пікір
Мұрағат