Араб елі шетелден тікелей инвестиция тарту үшін жаңа, цифрлы платформаны іске қосты
Араб елі шетелден тікелей инвестиция тарту үшін жаңа, цифрлы платформаны іске қосты
38 минут бұрын 54 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірліктері шетелдік инвесторларды тарту үшін жаңа, цифрлық платформаны іске қосты. Осылайша аталған араб елі билігі тікелей шетелдік инвестициялардың жыл сайынғы мөлшерін 2031 жылға дейін 65 млрд долларға жеткізуді алдына мақсат етіп қойды. Бұл жайында islam.kz порталы ArabianBusiness ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ресурс (opportunities.invest.gov.ae) пайдаланушыларға мүмкіндіктердің толық қоржынын зерделеуге немесе оларды салалар бойынша сүзгіден өткізуге мүмкіндік бере отырып, экономиканың алты басым секторының жобаларын біріктіреді. Инвестиция министрі Мұхаммед Хасан әл Субайда әлемнің түкпір-түкпірінен капитал мен таланттарды тартуды жалғастыратын бизнеске бағытталған ашық экожүйе құрылғанын мәлім етті. Әрбір секторда компоненттер өндірісін, логистика мен көліктегі экологиялық жағынан зиянсыз кластерлерін, сондай-ақ, денсаулық сақтауға қатысты биологиялық өңдеу процесін қамтитын флагмандық жобалар ұсынылған. Бұдан бьһлек, аталмыш платформа жаңартылатын энергетикаға арналған коммутациялық жабдықтар өндірісіне инвестиция үшін нұсқаларды, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы GovTech-шешімдерді және қаржы секторындағы жедел төлемдер қызметтерін ұсынады. Мұндай тәсіл халықаралық ұйымдар мен әлем қауымдастығына мемлекеттің ұзақ мерзімді өсуіне мүмкіндік беретін түрлі жобаларға қалай қатысуға болатынын терең түсінуге көмектеседі. 2025 жылы Біріккен Араб Әмірліктері 48,3 млрд доллар шамасында тікелей шетелдік инвестиция тартыпты, ал 2026 жылғы UNCTAD есебіне сәйкес БАЭ тікелей шетелдік инвестиция бойынша әлемде тоғызыншы орынға көтерілген.

0 пікір
Мұрағат