|
Араб елдерінің күйі қашып барады...
|
Таяу Шығыста экономикалық және саяси ықпалдың қалай және қаай елдің пайдасына өзгеретінін болжап көрелік. Саудия мен Катар энергетикалық инфрақұрылымының айтарлықтай зақымдалған болатын. Ал бұл жайт өз кезегінде бірнеше ондаған жыл бойы үстемдік етіп келген, яғни, қалыптасқан аймақтағы ойын тәртібін өзгертуі ықтимал. Осы уақытқа дейін аталған өлкенің ойын тәртібін Парсы шығанағы елдерінің мұнай мен газ экспортынан түскен табыс, Америка құрама штаттарымен арадағы тығыз қарым-қатынас және араб монархтарының қаржылық мүмкіндіктері айқындап келген еді. Таяу шығыстағы ең елеулі өзгерістердің бірі - Катардың экономикалық ахуалы күрт нашарлап кетті. Аталған араб елінің әміршісі Тамим бин Хамад әл Тани 2026 жылдың бірінші жарты жылында мемлекеттік кірістің 42% -ға қысқарғанын хабарлады. Бұған газ инфрақұрылымының зақымдануы және экспорттық терминалдар жұмысының іішінара істен шыққаны себеп болған. Соңғы есеп бойынша Катардың сұйытылған табиғи газ экспорты бойынша қуаты 17% -ға кеміп кеткен. Әсіресе, Рас-Лаффан өнеркәсіптік кешеніндегі 14 экспорттық желінің екеуі зақымданған. QatarEnergy өкілдері бұл инфрақұрылымды қалпына келтіруге үш жылдан бес жылға дейін уақыт кететінін алға тартып отыр. Экспорттық мүмкіндіктердің қысқаруы қазірдің өзінде Катар билігін шығыстарды 14% -ға төмендетуге және экономиканы қолдау үшін жинақталған қорды белсенді пайдалануға итермелеп отыр. Қаржылық қиындықтар ондаған жыл бойы Катардың шетелдегі ықпалын нығайту құралы болып келген халықаралық бағдарламаларын да тоқтатуы мүмкін. Атап айтқанда, батыс оқу орындарында, соның ішінде америкалық оқу орындарында бірқатар білім беру бағдарламалары мен шәкіртақыға қаржы бөлуді тоқтатып тастады. Мұндай күрделі жағдай Сауд Арабиясында да қалыптасып отыр. Монархиялық ел мұнай объектілеріне, көлік инфрақұрылымына және әуежайларға берілген соққының салдарын тартып жатырр, осының кесірінен экономиканың бірнеше маңызды салаларының жұмысы кері кетіп жатыр. Saudi Aramco объектілерінің, мұнай өңдеу кәсіпорындары мен көлік бағыттарының зақымдануы Саудияның энергия ресурстарын экспорттаудан табыс алу мүмкіндігін шектейді. Халықаралық сауда, туризм және іскерлік белсенділік үшін үлкен маңызы бар әуежайлар жұмысының ішінара тоқтауы да ел экономикасына қосымша салмақ түсіре бастаған. Соңғы мәліметке қарағанда, Саудияның жалпы ішкі өнімі 3,3% -дан 3,6% -ға дейін қысқарған. Бір қызығы, Халықаралық валюта қорының дерегінше, Израил экономикасы 4,5%-ға өскен. Ең қызығы, Израил экономикасының өсу қарқыны, тіпті, тыныш аймақта орналасқан Еуропа елдерін артта қалдырған. Мәселен, Германия экономикасының өсімі 1,3%-бен шектелсе, Франциянікі бар-жоғы 0,4%-дан аспаған. Экономикалық өсімдегі мұндай айырмашылықтар экономикалық үлгілердің ерекшеліктерімен түсіндіруге болады. Парсы шығанағы мемлекеттері энергия ресурстарын өндірудің және тасымалдаудыңң қатері жоғары, ал Израил экономикасында технологиялар, инновациялар және жоғары технологиялық қызметтер маңызды рөл атқарады. Десе де экономикалық болжамдар немесе моделдер өздігінен мемлекеттердің саяси ықпалының автоматты түрде өзгеретінін білдірмейді. Өңірдегі ахуал штеленістің ұзақтығына, зақымданған инфрақұрылымды қалпына келтiруге және үкiметтердiң жаңа жағдайларға бейiмделу қабiлетiне байланысты. Парсы шығанағы монархияларының қаржылық тұрақтылығы ерекше рөл атқарады. Ондаған жылдар бойы жоғары мұнай-газ кірістері халықты ауқымды әлеуметтік жеңілдіктермен, субсидиялармен және салықтық артықшылықтармен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Егер табыстың қысқаруы ұзаққа созылса, билік қосымша қаржыландыру көздерін іздеп, бұрынғы міндеттемелерді қайта қарауға тура келеді. Мұндай шешімдер әлеуметтік шиеленісті күшейтіп, сонымен қатар мемлекеттердің қымбат тұратын сыртқы саясатты жүргізу мүмкіндіктерін шектеуі мүмкін. Ал мұндай өзгерістер ең алдымен Парсы шығанағы елдерінің экономиканы әртараптандыру бағытына, соның ішінде технологияны тартуға кері әсерін тигізіп, даму динамикасын төмендетеді. Қысқасы, бұл ойында Израил ұтып, аймақтағы ықпалын кеңейтуге мүмкіндік алады.
Әзiрлеген: Islam.kz