Антарктидадан пирамида пішінді тау табылды
Антарктидадан пирамида пішінді тау табылды
7 ай бұрын 463 inform.kz Смағұлова Еркежан

Антарктиданың спутниктен түсірілген суреттерінен пирамида тәрізді тау табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Unilad сайтына сілтеме жасап.

Мысырдағы Ұлы Гиза пирамидасына ұқсайтын екі де екі шаршы шақырым болатын үлкен тау желі қолданушыларын таңғалдырды.

Twitter қолданушыларының бірі: «Бұл су тасқынына дейінгі өркениетке тиесілі. Шамамен 10 000 жыл бұрын Антарктида жылы болған» деген пікір білдірді.

Айта кететіні, ғалымдар Антарктидада өсімдіктер тіршілігінің белгілерін бұрыннан тапқан, бұл ландшафт бір кездері орташа температурасы шамамен 12 ° C болатын тропикалық орманмен жабылған. Бұл шамамен 83 миллион жыл бұрын болған, сондықтан пирамида салынуы да әбден мүмкін. Алайда, оның пирамида емес екенін дәлелдейтін тағы бір дерек бар. Бұл ақпарат тарала бастағанда профессор Эрик Риньо LiveScience журналына тың жаңалық айтты. Суреттегі пирамида екені айқын көрінгенімен Риньо: «Бұл пирамидаға ұқсайтын тау ғана», - деп түсіндірді.

Бұл пирамида шын мәнінде «таудың пирамидалы шыңы» деп аталатын мұздық аймақтардың ерекшелігі болып саналады. Олар мұздықтардың құрлық массасының бүйірлеріне жақындауы нәтижесінде пайда болады. «Көптеген шыңдар пирамидаларға ұқсайды, бірақ олардың бір немесе екі қыры бар, төрт қырлылары өте сирек», - деді Риньо.

Мәселен, Исландиядағы Буландстиндур тауы және Фарер аралындағы Бордоярнес тауы.

0 пікір
Мұрағат