Осымен екінші ел нашақор мен ВИЧ-инфекциясы бар адамдарға үйленуге тыйым салды
Осымен екінші ел нашақор мен ВИЧ-инфекциясы бар адамдарға үйленуге тыйым салды
1 жыл бұрын 679 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ингушетияда шаңырақ көтергісі келетіндер бұдан былай некеге тіркеу алдында ВИЧ-инфекциясымен ауырмайтыны туралы және есірткіге тәуелді еместігін дәлелдейтін анықтама беруге міндеттеледі. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған республика басшысы Махмұд Әлі Қалиматов мұндай қадамға соңғы жылдары есірткі кесірінен ажырасқандар санының көбеюіне байланысты барып отырған жеткізді. Бұл шара өз кезегінде мұндай келеңсіздіктің алын алып, отбасы институтын сақтауға көмектесуі тиіс. Мұндай ережені алғаш қабылдаған Ингушетия емесін айта кетеміз – көрші Шешенстанда он жыл қолданыста. Бұдан бөлек, Ингушетияда қыркүйек айында қолданысқа енетін аталған ереже талпатарына сәйкес қалыңдықтан немесе болашақ күйеу баладан баласының есірткіге тәуелді екенін жасырған ата-аналарға да айыппұл салынады.

0 пікір
Мұрағат