Амазонка тайпасы жерін мұнай компаниясынан қалай қорғап қалды
Амазонка тайпасы жерін мұнай компаниясынан қалай қорғап қалды
5 жыл бұрын 8081 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Эквадорда ұзаққа созылған сот ауыртпалығынан кейін Ваорани тайпасы Амазонка тропикалық орманындағы 1800 шаршы шақырымды алып жатқан жеріндегі ағашты отаудан аман алып қалды. Байырға атамекінін жанын сала қорғаған тайпа өкілдерінің бұл жеңісі туралы әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазуда. Мұнай өндірумен айналысатын "Tecpetrol" компаниясының Ваорани тайпасына тиесілі жерді сату жөніндегі бәссауда Пастаса провинциясына қарасты Пуйо қаласының қылмыстық сотының үкімімен белгісіз мерзімге шегерілді. Сот аталмыш мұнай компаниясының жобасын жергілікті халықтың өз тағдырын өзі шешетін құқығына қол сұғушылық деп бағалады. Ваорани тайпасы 4800-ге тарта адманан тұрады. Амазонканың ит тұмсығы батпайтын орман-тоғайының шамамен 8000 шаршы шақырымын иеленеді. Заң олардың жерге құқы барын мойындағанымен жер қойнайындағы қазба байлықты мемлекет меншігі санайды. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Мұнай өндіру 1970-ші жылдардан бастап, Эквадор экономикасының негізгі тіректеріне айналған еді. 1970-ші жылдардан бері тұмса табиғаттың талай бөлігі мұнай өндірісі үшін аяусыз оталып, қайнар бұлақтар бітеліп, саф ауасы қатты ластанған еді.

0 пікір
Мұрағат