Әлемге әйгілі аспаз McDonald’s-тың тағамы итке арналғанын дәлелдеп, сотта жеңіп шықты (видео)
Әлемге әйгілі аспаз McDonald’s-тың тағамы итке арналғанын дәлелдеп, сотта жеңіп шықты (видео)
5 жыл бұрын 3416 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлемге әйгілі аспаз әрі теле-жүргізуші Джейми Оливер химикат арқылы ит жеуге ғана жарайтын тағамды адамға да жаратуға болатынын дәлелдеп, сотта әлемдегі тез тамақтану бойынша ең ірі желіні - McDonald’s-ты жеңіп шықты. Ол өзінің «Тағам революциясы» деп аталатын хабарында гамбургерге арналған котлеттің шын мәнінде неден жасалатынын айтып, McDonald’s мейрамхана желісінің беделі мен имиджіне өлтіре соққы бере алды. Бұл жайында prikolis.info ақпарат көзі хабар таратты. McDonald’s өкілдері өздерінің ет өнімдерінің арзан болатын себебін етті көтерме бағасымен сатып алатындығымен байланыстырған еді. Негізінде гамбургер үшін котлетті азық етуге жарамсыз ет өнімдерінің қалдығынан дайындап келгені әшкере болды. Яғни, адам жеуге жарамды ету үшін ет өндірісінің қалдығын алдын ала аммония гидроксидінде жуып-шаяды. Бұл процесс өз кезегінде өндіріс қалдығын жаңа сойылған мал етіне ұқсатып, тауардың өтімділігін арттырып келген. «Жалпы алғанда, тек итке жарамды азықты алып, осындай өңдеуден кейін адамдарға ұсынады. Айтыңызшы, қандай есі дұрыс адам өз баласын аммонимен шайылған етпен тамақтандырады?»,- деді Оливер. McDonald’s жартылай дайындалған ет өнімдерінің ешқандай тағамдық құнары жоқ. Осы орайда мынаны айта кету керек, E527 тағам қоспасы деген атпен белгілі аммония гидроксиді АҚШ-тың ауыл шаруашылық министрлігі мақұлдаған «өндірістік процедураға» жатады. Аталмыш мейрамханалар желісі ас әзірлеу рецептісін өзгертетінін жария еткенімен бұған Оливер мәлімдемесінің еш қатысы жоғын мәлімдеді.

0 пікір
Мұрағат