Әлемдегі ең ірі термоядролық ректор жұмысын бастады (видео)
Әлемдегі ең ірі термоядролық ректор жұмысын бастады (видео)
5 ай бұрын 1853 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Таяуда Жапонияда JT-60SA токамак түріндегі әлемдегі ең ірі термоядролық реактор іске қосылды. Бұл жайында islam.kz порталы energy.ec.europa.eu ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Күншығыс елінде 1970 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан Торус-60 (JT-60) жобасының жаңартылған нұсқасы. Реактордың 370 тонналық нұсқасын жапондар Еуропалық одақпен бірігіп құрастырды. Технологияға негізделген токамакты алғаш рет 1950 жылдары кеңес одағының ғалымдары ойлап тапқан болатын. Токамак ​​магниттік катушкалармен қоршалған үлкен пончик тәрізді камерадан тұрады. Қуатты өріс сутегі изотоптарының плазмасын Күннің ішкі бөлігімен салыстырылатын қысым мен температураға жеткенше қысады. Жапондық Торус-60 (JT-60) жобасы 1970 жылдан бері жүзеге асырылып келеді, ал JT-60SA - оның соңғы және ең үлкен итерациясы. JT-60SA 2023 жылдың желтоқсан айының басында ашылды. Жаңартылған реактор нақты қуат көзі, яғни, энергия генераторы бола алмаса да ол болашақтағы коммерциялық электр стансалары жобалауға қажетті зерттеулер, сынақ материалдары мен процедуралар үшін пайдаланылады.

0 пікір
Мұрағат