Әлемдегі әрбір 11 баланың 9-ы хирургиялық жәрдемге мұқтаж
Әлемдегі әрбір 11 баланың 9-ы хирургиялық жәрдемге мұқтаж
2 жыл бұрын 1555 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Wavebreakmedia / iStock

Kids Operating Room (KidsOR) жариялаған зерттеу материалында келтірілген дерекке қарағанда, әлем бойынша 1,75 млрд бала қауіпсіз хирургиялық көмекке қол жеткізе алмай отыр. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Яғни, әлем бойынша шамамен әрбір 11 баланың 9-ы осындай көмек алуға мұқтаж. Медициналық жәрдем алу үшін баланың ата-анасы 200 шақырымды жүріп өтуіне тура келетін, яғни, шалғай түкпірде болғандықтан дер кезінде мед. жәрдем ала алмайтын балалар қарасы осындай факторлар бойынша ескеріліп, есептеліп отыр. Гаррет және Николай Вуд есімді ерлі-зайыптылар бүгінде Африка құрлығында және Латын Америкасында жыл сайын 30 мың ота жасауға мүмкіндік беретін 50 педиатрлық операция залын ашқан. Аталмыш қайырымдылық ұйымы 2030 жылға дейін Африка елдерінде тағы 120 жаңа операция залын ашуды көздеп отыр. Дамыған елдерде сылып алып тастайтын соқырішек артта қалған мемлекеттерде балалардың өмірін қиып, баудай түсіріп жатады немесе аяғы сынса, өмір бойы мүмкіндігі шектеулі жанға айналып шығады. Хирургиялық жәрдемнің болмауынан.                                              

0 пікір
Мұрағат