|
Әлемде алғаш рет ақылды көзілдірікті пайдалануға тыйым салынуы мүмкін
|
Норвегия кыркүйек айында камерамен жаюдықталған акылды көзілдіріктер мен өзге де адам өзімен бірге алып жүре алатын құрылғыларды пайдалануға толық тыйым салатын алғашқы ел атануы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы cnews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Еуропалық аталған ел билігі неліктен мұндай қадамға барды? Норвегияның цифрлық технологиялар жөніндегі министрі Карианне Тунг адам өзімен бірге алып жүретін құрылғыларға қатысты ереже талаптарын қатайтындарын мәлімдеді. Үкімет қазір мұндай құрылғыларды реттеудің ықтимал тәсілдерін белсенді зтүрде ерттеуде. Бұл арада Meta және Snap технологиялық алыптары шығаратын «ақылды» көзілдіріктер турасында сөз болып отыр. Кәдімгі смартфоннан айырмашылығы - оны пайдалану оңай, оның үстіне, «ақылды» көзілдірікті киген адам жай ғана сөйлесіп жүргендей немесе серуендеп жүргендей көрінуі мүмкін, ал құрылғысы бейне, дыбыс немесе басқа ақпаратты жасырын жазып алады. Тыңшы секілді әрекет ететін құрылғы иесінен ешкім күмәнданбайды. Дәл осындай қауіптен технология азаматтық бостандықты қорғаушылар мен тұтынушылардың бір бөлігінің арасында теріс реакция тудырды. Мұндай технология адамның жеке өмірі мен қоғамдық бақылау арасындағы шекараны бұщады.
Жаңа құпиялылық ережелері
Мәселе бейнені жазудың өзінде ғана емес. Камераның АІ-мен жабдықталуы өз кезегінде айналада болып жатқан оқиғаларды тіркеп қана қоймай, алынған ақпаратты талдауға мүмкіндік береді - нақты уақытта адамдарды танудан бастап, олардың мінез-құлқын бағалауға дейін мүмкіндік береді. Сондықтан құпиялылық мәселесі камераларды пайдаланудың әдеттегі ережелерінің шеңберінен шығып кетеді. Норвегиялық билік «ақылды» көзілдіріктерге ғана назар аудармайды. Министрдің айтуынша, технологиялар күнделікті заттардың көбінде пайда болады. Камералар мен микрофондар құлаққаптарға, бас киімдерге және басқа да алып жүретін құрылғыларға біріктірілуі мүмкін. Ықтимал өзгерістерді дайындау үшін норвегиялық билік сарапшылар тобын құруды жоспарлап отыр, олардың міндеті – адам өзімен бірге алып жүретін технологиялардың қарқынды дамуының кері салдарының алдын алуға саяды, соның ішінде адамдардың жеке өмірге құқығын қорғау мәселелері бойынша үкіметке кеңес берумен айналысады.