Африканың жаңа картасы
Африканың жаңа картасы
32 минут бұрын 17 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы көпшілік дауыспен құрлықтардың нақты өлшемдерін мейлінше дәл көрсететін картографиялық проекцияларды пайдалануға шақыратын қарарды мақұлдады. Бұл жайында islam.kz порталы muslim-info.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. БҰҰ-да хабарлағандай, Африка елдері ұсынған бастама қолданыстағы Меркатор жобасына тән бұрмалаушылықтарды жоюға бағытталған. Дауыс беру барысында 164 мемлекет қарарды қолдады, ал Америка құрама штаттары бұл бастаманы «радикалды идеологиялық жобаның» бір бөлігі, деп атады. Алты ел - Эстония, Грузия, Литва, Молдова, Сербия және Украина қалыс қалды. Қарар бағыттарды сақтайтын және навигация үшін ыңғайлы, бірақ, аумақ өлшемдерін бұрмалайтын Меркатордың проекциясын жоққа шығармайды. Оның орнына ол үкіметтерді, білім беру мекемелері мен технологиялық компанияларды аумақтардың салыстырмалы өлшемдерін ескеру маңызды болған кезде Equal Earth проекциясы сияқты тең карталарды пайдалануға шақырады. Того республикасының сыртқы істер министрі Робер Дусси карталар білім беруге, әлемді тануға және қабылдауға әсер ете отырып, ғалам туралы түсінігімізді қалыптастыратынын мәлімдеді. Оның айтуынша, Меркатордың проекциясы бойынша жасалған карталардағы Африканың кішірейтілген бейнесі құрлықтың «символикалық кішірейтілуіне» ықпал етті және әлем туралы жаңсақ түсінікті қолдады. Франция Африка одағының бастамасына қосылып, өз карталарында Меркатордың жобасынан бас тарту ниетін жариялады. Бұл өзгеріс Франция, АҚШ және Ресейдің карталарда әдеттегі суреттермен салыстырғанда көлемі жағынан шағын көрінуіне әкеледі. Еуропалық одақ қарарды қолдай отырып, оның аумақтардың салыстырмалы өлшеміне ғана қатысты екенін және қарардың егемендік әрі аумақтық мәртебеге қол сұқпайтынын атап өтті.

0 пікір
Мұрағат