Адамзат дінге бет бұрып жатыр: исламды қабылдағандар саны христиан мен өзге сенімдегілерге қарағанда ілгері
Адамзат дінге бет бұрып жатыр: исламды қабылдағандар саны христиан мен өзге сенімдегілерге қарағанда ілгері
2 жыл бұрын 1664 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Гордон-Ковелл теологиялық семинарияның әлемдегі христиандықты зерттеу орталығы Халықаралық зерттеу миссиясының бюлетеніне 2022 жылға арналған «Ғаламдық христиандықтың мәртебесі» деп аталатын құжатты жариялапты. Бұл жайында өз кезегінде evangelicalfocus.com және slovoproslovo.info дерек көздеріне жөн сілтеген христиандардың inVictory мегапорталына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Халықаралық діни демографиямен байланысты мұндай мәліметті адамдардың наным-сенімі мен этникалық құрамы сұралатын халық санағына қатысты есептерден алынғаны айтылған. Қандай да бір елдің немесе аймақтың діни құрылымы туралы нақты мағлұмат беру үшін барлық жиналған ақпарат қатаң сүзгіден өтеді, сарапталады, артынан қорытындысы жасалады. Соңғы дерекке қарағанда, әлем тұрғындары жұқпалы індетке байланысты дінге жақындап, түрлі конфессия мүшелерінің саны өскен. Нақты мәлімет бойынша өткен жылы әлемде мұсылмандар қарасы бүгінге таңда 1,93%-ға, ал христиандар қарасы 1,17%-ға, сондай-ақ, үнді наным-сеніміндегілер саны 1,21%-ға артқан. Христиандық соңғы жылдары Африкада туу көрсеткішінің жоғары болуына байланысты бір жыл ішінде 2,77%-ға өскен, Азияда - 1,50%, Латын Америкасында - 1,09%. Ал Солтүстік Америкада бұл көрсеткіш - 0,27%. Австралия мен Жаңа Зеландияда - 0,73%. Бұдан бөлек, Інжіл және Киелі кітап секілді христиандардың дәстүрлі ресурстарның таралауына қатысты дерек келтірілген 2022 жылы Інжілдің қағаз баспасы 2,52%-ға артып, әлем бойынша 90 млн данаға жеткен. Бір өкініштісі, мұндай жан-жақты қамтылған егжей-тегжейлі ақпарат ислам әлеміне қатысты жоқ.

0 пікір
Мұрағат