Әйелдерге ажырасқан соң жарты жыл ішінде тұрмысқа шықпау туралы тыйым алынып тасталды
Әйелдерге ажырасқан соң жарты жыл ішінде тұрмысқа шықпау туралы тыйым алынып тасталды
8 жыл бұрын 4283

Сейсенбі күні Жапония үкіметі әйел адамға ажырасқаннан кейін алты ай ішінде тұрмысқа шығуға салынған тыйым туралы 100 жылдан астам уақыт бұрын қабылданған заңға түзетулер енгізді. Бұл мерзім 100 күнге дейін қысқартылды, деп хабарлайды ТАСС.

Ажырасқан кезде әйелдің жүкті болмағаны туралы анықтаманы ұсыну жағдайында тыйым мүлде алынып тасталады.

Өткен жылдың соңында Жапонияның Жоғарғы соты бұл заңды конституциялық емес деп таныды, сондықтан үкімет оған түзетулер енгізуге мәжбүр болды. Өткен ғасырдың басында ажырасқаннан кейін жарты жыл бойы тұрмысқа шығуға салынған тыйым арқылы сол кезеңде дүниеге келген баланың әкесін анықтауда қателіктерге жол берілмейтіні шамаланған. Алайда заңға қарсы шығушылар осындай әдіс генетикалық талдаудың сенімді әдістемелері бар біздің уақытымызда күлкілі екенін алға тартқан. 

1 пікір
  • Негізі бұрынғы тыйымдары дұрыс еді. Алты ай қайта тұрмысқа шықпаса, иддәт мерзімін күткен болар еді. Білесіздер, шариғатымызда ажырасқан әйел иддәт мерзімі бітпей қайта тұрмыс құра алмайды. Иддәт мерзімі 4 ай 10 күн.
    8 жыл бұрын
Мұрағат