Қазақстан әлемдік халал нарығына Ресеймен бірге шығуы мүмкін
Қазақстан әлемдік халал нарығына Ресеймен бірге шығуы мүмкін
6 ай бұрын 544 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қазақстан Республикасы президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына шариғат талаптарына сай әзірленген өнімдер экспортын бірлесіп жүргізуді ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ол 1,5 миллиард халқы бар 40-қа жуық елді біріктіретін Ислам ұйымының Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі бастауында Қазақстан тұрғанын еске салды. ҚР президентінің пікірінше, Мәскеу мен Астана «осы үлкен нарықта» халал экспортын бірлесіп дамыта алады. Ол ресейлік кәсіпкерлерді осы салада тығыз ынтымақтастықты дамытуға шақырды. Бүгінгі күні әлемдік халал азық-түлік нарығы шамамен 2 миллиард долларды құрайды және алдағы бес жылда мөлшері екі есеге артуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат