|
Пулемет-тапанша форматында электрошокер жасалды (видео)
|
Қытайдың CCTV мемлекеттік телекомпаниясы елде жасырын қолдануға арналған, минутына 1000-нан 2000-ға дейін оқ атуға қабілетті, адамды жаралағанымен өлтірмейтін электрошокер жасалғанын хабарлады. Қолдан реттеуге келетін қуаттың арқасында ол қарсыласты өлтірмей, қимылсыз қалдыра алады, яғни, бойын сірестіріп тастайды, сондай-ақ, бірнеше ондаған метр қашықтан ағаш тақтайшаларды жара алады. Бұл жайында islam.kz порталы South China Morning Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ықшам электромагнитті шокер дәлдікті арттыру үшін лазерлік арнайы көрсеткіші бар 30 сантиметрлік оқпанмен және алмалы-салмалы дүкенмен жабдықталған. Ол әдеттегі атыс қаруына балама бола алады, алайда, атыс кезінде өзіне тән белгілер - тұтанбайды (түтінденбейді), газ шығармайды және гилзаларды сыртқа лақтырмайды. Мұндай артықшылықтар оны арнайы қандай да бір операциялар кезінде өте ыңғайлы етеді. Оператор электр импульсінің қуатын реттей алады, ал бұл нысанаға дейінгі қашықтыққа байланысты зақымдаушы элементтің ұшу жылдамдығын өзгертуге мүмкіндік береді. Қару нақты уақыт режимінде батарея зарядының деңгейін, оқ-дәрілердің санын және атыс режимдерін көрсететін электрондық дисплеймен жабдықталған. Арнайы операциялардан басқа ол жаппай тәртіпсіздіктің жолын кесу үшін қару ретінде пайдаланылуы мүмкін.