10 жастағы аяғы ауырлап қалған қызға түсік жасатуға тыйым салынды
10 жастағы аяғы ауырлап қалған қызға түсік жасатуға тыйым салынды
9 жыл бұрын 4713

Парагвайда 10 жастағы аяғы ауырлап қызға түсік жасатуға тыйым салынды. Бұл жайында BBC News ақпарат көзі хабар таратты. Осыған байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымы қыздың құқығы бұзылғаны үшін Парагвай билігін айыптап отыр. Парагвайда ана өміріне қауіп төнгенде ғана түсік жасатуға рұқсат берілген. Парагвай заңында осы қыздың басындағы кепке ұқсас жағдай орын алғанда түсік жасату қарастырылмаған (Ислам дінінде де бұған тыйым салынады). Қазір қыз жүктіліктің 23-ші аптасында. Денсаулық сақтау министрі Антонио Баррос түсік жасатуға қарсы, ол қыздың аман-есен қалатынына сенім артып отыр. Қыздың "аяғының ауырлап қалғанына себепкер болды" деген күдікпен полицейлер 42 жастағы ер адамды ұстады. Дегенмен ол өз кінәсін мойындамай отыр. Басылымның хабарлауынша, анасы қызды ауруханаға әкелген кезде дәрігерлер ісік бар деп қауіптенген.

Айта кетейік, жеті миллионға жуық тұрғыны бар Парагвайда жылына 14 жасқа толмаған 600-ге жуық қыз екіқабат болады.

1 пікір
  • Mekteptegi kinudi dasturli turge auistiru kerek syaqti. Batistiq ote qisqa kyimnin osinday zardabi bar.
    Atamiz Qazaq qizga 40 uiden tiym degen buginde kop ata-ana osi dasturin-mizdi umitqan syaqti.Okiniwke oray key analar menin qizim basqalardan kemba dep ulttyq tarbiemizge say emes kyimder kidirude. ANALAR QYZDARININ KYIM KYISI OZDERIN ULDARDAN ARAQAWIQTIQ SAQTQUINA NAZAR SALSA EKEN!!!!
    9 жыл бұрын
Мұрағат