«Он нәрсе қаттылықтан»
«Он нәрсе қаттылықтан»
6 күн бұрын 2322

Мәліметтерге қарағанда тәбиғин Суфяну әс-Сәури былай деген екен:

«Он нәрсе қаттылықтан (яғни, дөрекілігінен):

1) Ер немесе әйелдің өзі үшін ғана Құдайдан сұрап, ал ата-анасы үшін және өзге мұсылмандар үшін сұрамауы (дұға етпеуі).

2) Құран оқи алатын ер адамның күніне жүз аят оқымауы.

3) Мешітке келген ер адамның екі рәкәғат сәлем намазын оқымай шығуы.

4) Қабірдің қасынан өтіп бара жатып, қабірдегілерге сәлемдеспей және оларға дұға жасамай өтіп кетуі. (Қабірге барғанда айтылатын сөз: «(Қабірге барғанда) «Әссәләму ъаля әһлид дияр минәль мү’минина уәль муслимин! ЯрхамуЛлаһуль мүстәқдимина миннә уәл мүстә’хирин. Уә Инна иншәАллаһу, бикум ләлЛәхиқун.». Оның мағынасы: «Мүмин-мұсылман қабір иелеріне Алланың жарылқауы болсын! Алла Тағала біздің өлілерімізге де, тірілерімізге де рақым етсін. Алла қалаған күні біз де сендердің қатарларыңа қосыламыз. Алладан бізге де, сендерге де жарылқау тілеймін»).

5) Ер адамның жұма күні бір қалаға келіп тұрып, ол қаладан жұма намазын оқымай шығып кетуі.

6) Ер не әйелдің тұратын ауданына бір ғалым келгенде, ешбіреуінің оған діни ілімге қатысты (мәселе) үйренейін деп бармауы.  

7) Екі кісі бірге сапарлап, бірақ ешбірінің бір-бірінен есімін сұрамауы.

8) Біреу қонаққа шақырғанда, бармауы.

9) Жас жігіттің бос уақыты бола тұра, ол уақытын ілім мен әдеп үйренуге арнамай, босқа құртуы.

10) Кісінің өзі тоқ болып, бірақ көршісі аш болуы және онымен асын бөліспеуі»[1].


[1] Әбу Ләйс әс-Самарқанди: «Тәнбиһуль Ғофилин».

0 пікір