Күн кешейік имандылық шеңберінде
Күн кешейік имандылық шеңберінде
9 жыл бұрын 5360
Ерлан Әшірбаев

Көз аштырмас харам мен күнәлардан!

Жырақ қалсақ рухани Ұлы амалдан!

Байлықпен қазынамыз пайда бермес,

Арашалар қауқары жоқ сұм ажалдан!

Беймәлім қасірет көп таусылмайтын,

Несіне қымбат дейді мына жалған?!

Бір қуаныш көрінсе маңайыңнан,

Мұң қасірет көбейіп шығады алдан!

Біз бір күнді өткізсек шаттанамыз,

Бабаларым өткен сәтке жылап алған!

Дәуіттің де отыз ұлын бір күнде алды,

Жаратқаннан дұға етіп сұрап алған!

 

Артынан Сүлеймені келді өмірге!

Хақ жолына арнады тек еңбегін де!

Патша болып мақұлықтың тілін ұғып

Жан дүниесін түсінді ол пенденің де!

Атақ даңқы жер жаһанды жайласа да,

Қатыгездік көрсетпеді мүлде еліне!

Пайғамбарым Мұхаммедке үммет ет деп,

Аллаға жалбарынды күнде - түнде!

Күндіз елін басқарып парасатпен,

Құлшылыққа толтырды түндерінде!

Патша болып ел көшін басқарумен

Әмірлерін жүргізді жер бетінде!

Қалаулы құл – Расуллаға үммет ет деп,

Аллаға дұға етті өмір сүргенінде!

Жын мақұлық тек оған  мойынсұнып,

Қызмет етті сапарларда жүргенінде!

Алланың міне осындай елшілері,

Тосқауыл жоқ екенін білді, өлімге!!!

Шүкір етіп Аллаға мадақтар айт,

Осы  күнде мұсылман боп жүргеніңе!

Мұстафаға (с.а.у.) тек біздер үммет болдық,

Күн кешейік имандылық шеңберінде!

 

Ұлы Рахман Патшадан үміт етсек,

Қамданайық ғибадатты игеруге!

Қу алдамшы нәпсімізге ерік бермей

Тырысайық, мінәжатты үйренуге?!  

Тірі жүріп тәубемізді танытайық!

Пайдасы жоқ өкінгенмен өлгеніңде!

Адам болып Раббымызды танымасақ!

Азап келер қабірге әкеп көмгенінде!

Уа, Жаратқан, Халқыма тауфиқ беріп,

Имансыздық қасіретін берме, мүлде!

0 пікір