Табысыңыз таза болсын десеңіз...
Табысыңыз таза болсын десеңіз...
4 жыл бұрын 3586

Фақиһ Әбу Ләйс әс-Самарқанди (Алла рахымына бөлесін) былай дейді:

قال أبو الليث السمرقنديّ‏:‏ من أراد أن يكون كسبه طيّباً فعليه أن يحفظ خمسة أشياء‏:‏ أولها‏:‏ أن لا يؤخّر شيئاً من فرائض الله تعالى لأجل الكسب، ولا يدخل النقص فيها‏.

والثاني‏:‏ أن لا يؤذي أحداً من خلق الله لأجل الكسب‏.

والثالث‏:‏ أن يقصد بكسبه استعفافاً لنفسه ولعياله، ولا يقصد به الجمع والكثرة‏.‏

الرابع‏:‏ أن لا يجهد نفسه في الكسب جدّاً‏.‏

والخامس‏:‏ أن لا يرى رزقه من الكسب، ويرى الرّزق من الله تعالى، والكسب سبباً‏.‏

 Кім табысы таза болсын десе, мына бес нәрсені естен шығармасын:

1. Табыс үшін Алла Тағаланың парыздарының ешқайсысын кейінге қалдырмауы керек (кешіктірмесін) және ешқайсысын кем орындамауы ләзім.

2. Табыс үшін Алланың жаратылыстарының біріне жапа шектірмеуі тиіс (адамдарға жапа шектірмеу). 

3. Табыс табудағы мақсаты – мал жинап, көбейту емес, өзін және бала-шағасын қайыр тілетпеу болуы керек.

4. Табыстың соңына тым түсіп кетпеуі ләзім

5. Ризығын кәсіптен емес, Алладан деп біліп, кәсіптің тек себеп екендігін ұғынуы керек[1]. 

islam.kz


[1] «Тәнбиһуль ғофилин». 343 бет.

0 пікір