Сегіз түрлі адамдармен отырғанның сегіз түрлі нәрсесі артады...
Сегіз түрлі адамдармен отырғанның сегіз түрлі нәрсесі артады...
4 жыл бұрын 4558

Фиқһ білгірі Әбу Ләйс әс-Самарқанди (Алла рахымына бөлесін) айтады:

Сегіз түрлі топ адаммен отырғанның Құдай Тағала сегіз түрлі нәрсесін арттырады:

1.Кім байлармен отырса, Алла оның дүниеге деген сүйіспеншілігі мен құштарлығын арттырады.

2.Кім пақырлармен отырса, шүкірі мен Құдайдың бөліп бергеніне ризалық танытуын арттырады (қанағатшылдығын арттырады).

3.Кім патшамен отырса, тәкәппарлығы мен жүрек қаттылығын арттырады. 

4.Кім әйелдермен отырса, надандығы мен нәпсіқұмарлығын және әйелдердің ақылдарына икемділігін арттырады.

5.Кім балалармен отырса, ойын-сауықтылығы мен әпенділігін (немесе әзілкештігін) арттырады.

6.Күнәһәр пасықтармен отырғанның күнә істеуге деген батырлығы мен батылдығын арттырады және тәубе етуге деген немқұрайлылығын көбейтеді.

7.Кім салиқалы-діндар адамдармен отырса, құлшылыққа деген құлшынысы мен харамдардан қашу ерік-жігерін арттырады.

8.Кім ғұламалармен отырса, Алла оның білімі мен тақуалығын арттырады[1]. 

islam.kz


[1] Әбу Ләйс әс-Самарқанди: Тәнбиһуль Ғафилин. 330 бет. (Каир. 1995 ж).

0 пікір