Сауабы өлгеннен кейін де барып тұратын қандай ізгі амалдар бар?
Сауабы өлгеннен кейін де барып тұратын қандай ізгі амалдар бар?
10 ай бұрын 7661

1) Сахаба Әнәс ибн Мәликтен жеткен сахих бір хадисте Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген:

سبعٌ يجري للعبدِ أجرُهنَّ وهو في قبرِه بعد موتِه

"Жеті нәрсенің сауабы пенде өлгеннен кейін қабірінде жатса да барып тұрады: 

  1.   من علَّم علمًا - Ілім-білім үйреткен адамға, үйреткен ілімінің сауабы;
  2. أو كرى نهرًا - Су жүргізген (немесе арық қазған) адамға, қазған суының сауабы;
  3. أو حفر بئرًا - Құдық қазған адамға, қазған құдығындағы судың сауабы;
  4. أو غرس نخلًا - Құрма ағашын (жеміс ағашын)отырғызған адамға, отырғызған жемісінің сауабы;
  5.  أو بنى مسجدًا - Мешіт соққан адамға, мешіттің сауабы;
  6. أو ورَّثَ مصحفًا - Құран кітабын мұра етіп қалдырған адамға, Құранның (оқығанның) сауабы;
  7. أو ترك ولدًا يستغفرُ له بعد موتِه - Артына ол үшін өлгеннен соң жарылқау тілеп тұратын ұрпақ қалдырған адамға, баласының жасаған дұғаларының (намаздарының, сауапты істерінің, оқыған Құран, берген садақасының) сауабы барып тұрады». («Ибн Хиббән»; Имам Бәйһәқи, «Шуъабуль Иман». Сахих хадис).

2) Сахаба Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын) жеткен сахих хадисте, Пайғамбырмыз (оған Алланың игілігі мен салауты болсын) былай деген:

  إنَّ مِمَّا يلحقُ المؤمنَ من عملِهِ وحسناتِه بعدَ موتِه

«Мүмін пенденің өлгеннен кейін де сауабы барып тұратын амалдары мен ізгіліктері келесідегідей:

  1. عِلمًا علَّمَه ونشرَه - оқытқан және жайған ілімінің сауабы;
  2.  وولدًا صالحًا ترَكَه - артында қалдырған салиқалы ұрпақтың сауабы;
  3.  ومُصحفًا ورَّثَه - мұра қылып қалдырған Құран кітаптың сауабы;
  4. أو مسجِدًا بناهُ - тұрғызған мешіттің сауабы;
  5. أو بيتًا لابنِ السَّبيلِ بناه - жол баласына (жолаушыларға) арнап соққан үйдің сауабы;
  6. أو نَهرًا أجراهُ - жүргізген өзенінің сауабы (су жүргізсе, арық қазса мысалы);
  7. أو صدَقةً أخرجَها من مالِه في صِحَّتِه وحياتِه - тірі кезінде, денісау кезінде мал-дүниесінен бөліп берген садақасының сауабы - өлгеннен кейін де барып тұрады». (Ибн Мәжә, «Сүнән». Сахих Хадис).

А. Қасым.

 

0 пікір