Пітір мерекесі қандай мереке?
Пітір мерекесі қандай мереке?
9 жыл бұрын 3388

Айт – араб­ша­дан ті­лі­міз­ге өт­кен «мей­рам» де­ген ма­ғы­на­ны біл­ді­ре­ді. Ислам дінінде екі мереке ұлық саналады. Бі­рін­ші­сі – Ра­ма­зан айты, екін­ші­сі – Құр­бан айт. Мә­ди­на­да­ғы бір ан­сар-са­ха­ба Ис­лам­нан бұ­рын той­лай­тын екі күн­нің бол­ға­ны ту­ра­лы Пай­ғам­ба­ры­мыз­ға (с.а.у.) айт­қан­да, ол: «Алла сол екі күн­нің ор­ны­на сен­дер­ге олар­дан әл­де­қайда жақ­сы­сын бер­ген. Біреуі – Құр­бан айт, екін­ші­сі – Ра­ма­зан айт», 1 – дейді.

Ораза айт мейрамы арабша عيد الفطر "Пітір мерекесі" деген сөзден бастау алған. Яғни, бұл мейрамның негізгі атауы "Пітір мерекесі" деп аталғанымен, көбісі Рамазан айының соңында келетін мереке болғандықтан "Ораза айт" деп атап кеткен. 

"Пітір мерекесі" деп аталуының себебіне тоқталар болсақ, Рамазан кіргеннен бастап айт мерекесіне дейін дәулетті кісілерге пітір садақасын беру уәжіп етілген. Сол пітір садақасынан жиналған қаржыны кедей-кепшікке, жетім-жесірге үлестіріп беру үрдісі қалыптасқан. Мұндай көмек алған жарлы кісілерге жоғы түгенделіп, жартысы бүтінделіп бір жасап қалатын болған. Айт мейрамын да көңілді қарсы алуына септігін тигізген. 

Пі­тір са­да­қа­сы Ора­за айт кү­ні таң аты­сы­мен уә­жіп бол­ға­ны­мен, бір­не­ше күн, тіп­ті бір­не­ше ай не­ме­се жыл бұ­рын бе­ру­ге де бо­ла­ды. Бұл са­да­қа­ның Ора­за айт на­ма­зы­на дейін бе­ріл­ге­ні дұ­рыс. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.): «Осын­дай күн­де (айт мей­рам кү­ні) ке­дей­лер­ді қайыр са­да­қа ті­леуге мұқ­таж ет­пең­дер», – де­ген. Бүкіл ел қуа­нып, той­лай­тын мей­рам кү­нін­де пі­тір са­да­қа­ла­ры ар­қы­лы қа­жет­ті нәр­се­ле­рін алып, кедейлердің де жұрт қатарлы жадырауын ойла­ған Ис­лам ді­ні қан­дай ке­ре­мет дін!

1 Әбу Дәуд, Әдаһи, 7.

0 пікір