Оразаның пайдалары: Қо­ғам­дық пайда­сы
Оразаның пайдалары: Қо­ғам­дық пайда­сы
9 жыл бұрын 3131

Ора­за­ның аузы бе­рік адам­ға ға­на емес, со­ны­мен қа­тар қо­ғам­дық пайда­ла­ры бар. Ора­за – ел­де­гі дәу­лет­ті адам мен жоқ-жі­тік ара­сын­да байла­ныс жа­сайды. Кө­бі­не­се ау­қат­ты адам жа­сы­нан өмір­дің ауыр тір­ші­лі­гін кө­ріп, тауқы­ме­тін ар­қа­ла­май өс­кен­дік­тен, жа­на­шыр­лық се­зім­нен мақұ­рым қа­ла­ды. Қа­зақ «аш ба­ла тоқ ба­ла­мен ойна­майды, тоқ ба­ла аш бо­лам деп ойла­майды» деп дәл тауып айт­қан.

Жа­рық­тық Абай ата­мыз­дың:

«Кә­рі қой еп­теп сой­ған бай­дың үйі,

Қай же­рін­де ке­дей­дің тұр­сын күйі?

Қа­ра қи­дан ор­та қап ұрыс­пай бер­се,

О да қыл­ған ке­дейге үл­кен сыйы.

Қар жауса да тоң­байды бай ба­ла­сы,

Үй жы­лы, киіз тұт­қан айна­ла­сы.

Бай ұлы­на жал­шы ұлы жа­лы­ныш­ты,

Ағып жү­ріп ойна­тар көз­дің жа­сы», – де­ге­нін­де үл­кен мән жат­қан жоқ па? Кейде адам бай­лық­қа бат­қан соң, айна­ла­сын ұмы­та бас­тайды. Бір­те-бір­те аң­ғал­дық­тың құ­ры­ғы­на тү­се­ді. Осы сәт­те оның өмір­ге де­ген көз­қа­ра­сы өз­ге­ре­ді. Нәп­сі­сі ат­тан са­лып, бойда­ғы жа­на­шыр­лық се­зі­мін тұн­шық­ты­рып тас­тайды. Дәу­лет­ті ада­мы осын­дай күй кеш­кен ел­ден бе­ре­кет ке­те­ді. Бір мем­ле­кет­те өмір сүр­се де, бай бас­қа әлем­де, тұр­мы­сы на­шар ха­лық бас­қа бір әлем­де жү­ре­ді. Мұн­дай қо­ғам ауыр дер­тке ду­шар бо­лып, ел­де жүйе бұ­зы­ла­ды. Ау­қат­ты адам­дар қол ас­тын­да­ғы жұ­мыс іс­те­ген адам­да­ры­на тө­бе­ден қа­райды. Алауыз­дық осын­дай­дан туады. Бай­лық­қа мас­тан­ған қа­шан да бас пайда­сын ой­лайды. Мұн­дай кі­сі ешуа­қыт­та жоқ-жі­тік­тің ха­лін ұға да, се­зе де ал­майды.

Адам ора­за ұс­тап, сә­ре­сі­ден кеш­ке дейін аш қал­ған­да ға­на айна­ла­сы­на бас­қа­ша қа­рай бас­тайды. Өйтке­ні, ауыз бе­кіт­кен ол кү­ні бойы аш қал­мақ. Аш адам­ның бойын­да та­сы­ған нәп­сі бір­те-бір­те әл­сі­рейді де, жү­рек­тің те­ре­ңін­де­гі мейі­рім-ша­па­ғат се­зі­мі ояна­ды. Ол сон­да ға­на аш­тық­тың қан­дай еке­нін аң­ға­ра­ды. Өзі­нің де жай ға­на пен­де еке­нін се­зі­не­ді. Ал оян­ған мейі­рім-ша­па­ғат жал­пы адам­зат­қа, тіп­ті әлем­ге де­ген сүйіс­пен­ші­лік­ті өзі­мен бір­ге ала ке­ле­ді. Сон­да әл­гі кі­сі адам тұр­мақ, жан-жа­нуар­ға да сүйс­пен­ші­лік­пен қа­рай бас­тайды. Ра­ма­зан айы­ның – ра­қым айы бо­луы­ның сы­ры да осын­да жа­тыр. Адам мен адам­ның, адам мен әлем­нің ара­сын­да дос­тық, ма­хаб­бат байла­ны­сы құ­ры­ла­ды. Мі­не, адам­ның бойын­да мейі­рім-ша­па­ғат туып, оны айна­ла­сы­на нұр­лы ша­шу етуі – Ұлы Жа­ра­ту­шы­ға ар­на­ған на­ғыз шү­кі­рі.

"Ислам ғылымхалы"

1 пікір