Негізі адам баласы өзіне берілген нығмет пен ырыс-берекенің қадірін біле бермейді. Сый-сияпат етіп берілген ырыс-берекені бейне бір тегін дүниедей төгіп-шашады. Әр түрлі тәтті тағамдарды да бейпіл жей берген соң, ауыздан дәмі кетіп, бал бал болудан қалады. Мұндай күйге түскен кісі ешуақытта тамақтың қадірін сезе алмайды. Ал адам баласы ауыз бекітіп, күні бойы аш жүргенде, тағамның Ұлы Жаратушының құлына жайған дастарқанындағы үлкен ырыс-берекесі екенін аңғарады. Ол күні бойы аш қалып, кешқұрым ауыз ашқанда, аузына салған қатқан нанның да қаншалықты қадірлі екендігін сезеді. Атам қазақ «Аштықта ішкен ашыған қымыранның дәмі қырық жыл ауыздан кетпес» деуінің сыры осында жатыр. Тоқ адамның дәл солай сезуі әсте мүмкін емес. Мұндай қоғамның экономикасы да оңайлықпен құлдырамайды. Аштықты көп көргендіктен атам қазақтың нанды қатты қадірлейтіндіктері де содан. Иә, аштықты сезбеген, мастықтан айыға алмас.
Өзекті мақалалар
!["ЖЕР ДОМАЛАҚ..": Ислам ғалымдары жердің домалақтығын Коперниктен 500 жыл бұрын айтқан](https://static.islam.kz/uploads/images/xuj/w3j/ZzMXDmecsykPIBem-sq.jpg)
■
"ЖЕР ДОМАЛАҚ..": Ислам ғалымдары жердің домалақтығын Коперниктен 500 жыл бұрын айтқан
![Фәтима әл-Фихри - тарихта ең алғашқы университет ашқан мұсылман ғалым әйел (ІХ (9) ғасыр).](https://static.islam.kz/uploads/images/FMb/2ry/mHeTvmf2ZZ0srGkk-sq.jpg)
■
Фәтима әл-Фихри - тарихта ең алғашқы университет ашқан мұсылман ғалым әйел (ІХ (9) ғасыр).
![«Зорлық-зомбылық - бір мемлекеттің қирайтындығының жаршысы!..»](https://static.islam.kz/uploads/images/IiJ/v8g/hL20H7WS4tHmTEDf-sq.jpg)
■
«Зорлық-зомбылық - бір мемлекеттің қирайтындығының жаршысы!..»
![САУДА ТАУАРЛАРЫНЫҢ ЗЕКЕТІ](https://static.islam.kz/uploads/images/QMP/hJt/o1wS5ExWIAxlvcdc-sq.jpg)
■
САУДА ТАУАРЛАРЫНЫҢ ЗЕКЕТІ
![Әзіреті Омар және сүт сатушының қызы (ғибрат оқиға)](https://static.islam.kz/uploads/images/iBl/l1V/WYZi0TE0iTiFgNyo-sq.jpg)
■
Әзіреті Омар және сүт сатушының қызы (ғибрат оқиға)